6. Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;
2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;
4) дебитордың салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салық төлеушiнің (салық агентінің) және оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары;
6) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.
8. Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 617-бап өзгертілді
617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алу
Егер салық төлеушінің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын, мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген, билік ету шектелген мүліктің жалпы теңгерімдік құны, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аз болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 618-бап жаңа редакцияда
618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентiн) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:
дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі;
заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 150 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi салық берешегi бар салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 622-бап өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 622-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу
1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.
2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші - жеке тұлғаның салық берешегі сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтініштер немесе талап қоюлар бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегін өндіріп алуды атқарушылық iс жүргiзу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ
623-бап. Жалпы ережелер
1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі - осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын:
1) барлық активтерінің теңгерімдік құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325000 еселенген мөлшерін құрайтын;
2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторингтеуге жатады.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
2) активтердің теңгерімдік құны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;
3) жұмыскерлерінің саны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.
Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
2) ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушы мынадай:
кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған;
жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған, шарттарға сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне:
1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;
2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатпайды.
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 624-бап өзгертілді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 624-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі
1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті осы Кодекстiң 77-бабының 4-2-тармағында белгіленген салық тіркелімдері түрінде ұсынады.
2. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті мынадай мерзімдерде:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тоқсан сайын есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей;
2) корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша салық тіркелімдері түріндегі мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;
3) алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынады.
Ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгерістері ескеріле отырып, осындай ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынылады.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне жаңадан енгізілген ірі салық төлеуші ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша бастапқы есептілікті осындай тiзбе қолданысқа енгiзілетін күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей ұсынады. Ағымдағы және алдағы күнтiзбелiк жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша келесі есептілік осы баптың ережелеріне сәйкес ұсынылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 87-тарау 624-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі
1. Мониторинг жүргізу барысында уәкілетті орган мониторингке жататын ірі салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудiң (ұстап қалу және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы.
Бұл ретте, осы талап мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер талапты тапсырған күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындалуға тиіс.
2. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган ол туралы мониторингке жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды.
Бұл ретте мониторингке жататын iрi салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi.
Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн мониторингке жататын осындай iрi салық төлеушiні шақыруға құқылы.
Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мониторингке жататын iрi салық төлеушiге жолданады.
Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингке жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.
88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
625-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
2. Тәуекел - салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады.
Бұл ретте уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен критерийлерді қоспағанда, осы тармақтың 1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстiң 274-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.
5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің критерийлерін және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
626-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары
Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
Мұндай талдаудың нәтижелерін салық органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
1. Салықтық тексеру - салық органдары:
1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүзеге асыратын тексеру.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қажет болған кезде салық органдары салықтық тексеру барысында:
оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;