Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемақылардың, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 6-2-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.

 

41-бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) таратудың салық есептілігін ұсынады.

3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

5) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

 Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.

6. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

7. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:

1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  4) және 5) тармақшалармен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.

9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 10-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-1. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы

1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеушілер және (немесе) салық агенттері болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

 Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Құжаттық тексеру қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жатқызылуға жатады.

Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегі болмаған кезде:

1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.

8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

9. Салық органы осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.

Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталған кезеңі осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.

2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) мемлекеттік уәкілетті органдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

2) кеден органдарына - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;

3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.

6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.

Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.

Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара кәсіпкерге тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.

Салық органы дара кәсіпкерге почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.

8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.