Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

2. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізуді бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде осындай өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауға міндетті.

3. Тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан:

1) салық агентінің бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерін толық орындауын;

2) осы Кодекстің 191-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 562-бабында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;

4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дәйектілігін;

5) бейрезидент шартты банк салымы туралы шартты жасасқан жағдайда, осы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын тексереді.

 

636-бап. Салық органы лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберілуі

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарын табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге зерттеп-тексеру үшін жіберуге міндетті.

2. Салық органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамдарының көрсетілген аумақтарға және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кіруіне кедергі жасалған жағдайда, салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.

3. Салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші (салық агенті) бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында олар болуға тиіс.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай жағдайларда, егер:

1) нұсқама белгіленген тәртіпте ресімделмеген болса;

2) нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;

3) бұл тұлғалар нұсқамада көрсетілмеген болса;

4) салық органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін қажетті арнайы рұқсаты болмаса, салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 636-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі

Осы Кодекстің 637-бабында көзделген салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салықтық тексерудің алдын ала актiсі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған салықтық тексерудiң алдын ала нәтижелерi туралы құжат түсініледі.

Бұл ретте салық төлеушi салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.

Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушiлердiң санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртiбі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

 

637-бап. Салықтық тексеруді аяқтау

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы:

1) салықтық тексеру жүргізілген орынды, акт жасалған күнді;

2) тексерудің түрін;

3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

4) салық органының атауын;

5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

6) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;

7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) алдыңғы жүргізілген құжаттық тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді, тақырыптық тексерулер жүргізген кезде);

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) тексерілетін кезеңді және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына оны алғаны туралы қол қоюға міндетті.

Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады.

3. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнмасының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасалады.

4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.

5. Салықтық тексеру актісіне осы Кодекстің 557-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажетті құжаттардың көшірмелері, салық органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

6. Салықтық тексеру актісі кемінде екі дана етіп жасалады және оған салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер таратудың салықтық есептілігі алынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.

 

638-бап. Тексеру нәтижелері бойынша шешім

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды және өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, бейрезиденттердің кірісінен төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есепке жазуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.

2. Осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.

3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер болуға тиіс:

1) хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеу күні мен нөмірі;

2) салық төлеушінің (салық агенті) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

3) сәйкестендіру нөмірі;

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) есепке жазылған салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды және өсiмпұлдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы;

5) кемітілген залал сомалары;

6) қайтарылуға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы;

7) бейрезиденттердің төлем көзінен, табыстарынан ұсталған, қайтарылуға расталмаған корпорациялық (жеке) табыс салығының сомасы;

8) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;

9) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың деректемелері;

10) шағым жасау мерзімі мен орны.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталған соң шығарылады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талаптың ескіру мерзіміне салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі енгізілмейді.

Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеруде қамтылған мәселелерге ғана қолданылады.

5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші (салық агенті), егер тексеру нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.

Мынадай:

тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;

тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.

7. Егер салықтық тексеру аяқталғанда Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген таратудың салық есептілігін ұсыну күнінен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Егер, осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру жүргізген кезде салық органы салық төлеушінің сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын:

1) салық төлеуші бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде;

2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;

3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша;

ҚР 2017.25.12. № 121-VI Заңымен 638-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы 2022 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады

4) жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасылған операциялар бөлігінде, егер осындай салық төлеуші туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай операциялар жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін жарияланса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) егер салық органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.

 

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау

 

639-бап. Жалпы ережелер

1. Есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодекстің 639 - 642-баптарында белгіленген тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.

2. Осы Кодекстің 629-бабының 4-тармағына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұрау салынатын салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) табыс етпеуі есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған деп түсініледі.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есептік құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

 

640-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер

Егер құжаттық салықтық тексеру барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін табыс етпеген болса, салық төлеушіге (салық агентіне) аталған құжаттарды табыс ету немесе қалпына келтіру туралы салық органының талабы, сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама міндетті түрде тапсырылады.

Салық органының талабы салық төлеушіге (салық агентіне) талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

Салық органының талабы бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген құжаттарды табыс етпеу себептерін жазбаша түсіндіруге міндетті.

 

641-бап. Ақпарат көздері

1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай:

1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақшасы және оның қозғалысы туралы көшірме жазбаларын;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырып тексеруге жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы;

4) салық төлеуші (салық агенті) тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған тұлғаларға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы;

6) салық органдары салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын, тексеру жүргізілетін салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) зерттеп-тексеру және (немесе) түгендеу кезінде алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.

2. Салық органдары:

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;

3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;

4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жібереді.

3. Қажетті ақпарат (құжатпен расталған) сондай-ақ мынадай көздерден:

1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) орындаған қызмет көрсету туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнім құны мен саны туралы сатып алушылардан;

2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізат, энергетика ресурстарын және қосалқы материалдар жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалардан алынуы мүмкін.

4. Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агентінің) қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

 

642-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

1. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау осы Кодекстің 641-бабында белгіленген тәртіппен алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.

2. Кіріс есептеу үшін салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпарат және салық төлеушінің (салық агентінің) ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.

3. Осы Кодекстің 641-бабында айқындалған ұйымдар немесе жеке тұлғалар тексерілетін салық төлеушіде алынған (алынуға жататын) басқа табысы бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған табыстардың сомасы жалпы табыс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары берген ақпарат негізінде салық төлеушінің экспорттық операциялары бойынша валюталық түсім сомаларының түсу фактісі анықталған жағдайда, валюталық түсімнің бұл сомасы өткізу бойынша айналым мөлшеріне және жиынтық табыс құрамына енгізіледі.

5. Осы бапқа сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) бастапқы құжаттарымен расталмаған шығыстары корпорациялық табыс салығын есептеу үшін шегеруге және қосылған құн салығын есептеу үшін есепке жатқызылмайды.

6. Акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын база осы Кодекстің 283-бабы 1 және 2-тармақтарының негізінде айқындалады.

Бұл ретте өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі шикізаттың, энергетика ресурстары мен қосалқы материалдардың шығыстары мен ысыраптарының салалық нормаларына сәйкес айқындалады.

7. Негізгі құралдардың, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер телімдерінің, материалдық емес активтердің, инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын растайтын құжаттар салық төлеушіде (салық агентінде) болмаған (жоғалған, бүлінген) жағдайда аталған мүліктің нарықтық құны осы салық төлеушінің жиынтық табысына қосылады.