Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

658-бап. Салық заңнамасын насихаттау

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.

2. Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.

 

659-бап. Электрондық нысанда салық есептілігін тапсыру үшін тегін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру

1. Салық органы электрондық нысанда салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді салық төлеушіге (салық агентіне) тегін негізде береді.

2. Салық есептілігін электрондық нысанда тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олар салық органына келіп жүгінген кезде және (немесе) оны салық органдарының интернет-ресурсында орналастыру арқылы электрондық ақпарат жеткізгіштерінде берілуі мүмкін.

3. Салық есептілігін электрондық нысанда тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім оған бағдарламалық қамтымды орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі.

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 659-баптың 4-тармағының қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды

4. Бағдарламалық қамтамасыз етілім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің электрондық төлем құжатын қалыптастыру үшін мүмкіндік береді.

 

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 660-баптың қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды

660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар желісін дамыту

1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сұрау салынған құжаттың:

1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазбаның дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуді ұсыну үшін терминалдар желісін дамытуды қамтамасыз етеді.

2. Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізу салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі.

3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.

 

661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету

Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 661-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну

1. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;

3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.

2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерді алу үшін салық төлеуші - жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.

 

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 662-баптың қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды

662-бап. Салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар

1. Салық органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының1) және 5) тармақшаларында көзделген салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.

2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.

3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі.

4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді.

 

663-бап. Салық органдары интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) интернет-ресурс арқылы ақпаратты тегін негізде алуына көмектеседі.

2. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық органдарының интернет-ресурстарында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.

3. Салық органдарының интернет-ресурстары тәулік бойына демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істейді.

 

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 664-баптың қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды

664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету

1. Салық органдары мынадай операцияларды жасауға:

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды;

2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;

3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық жерлерде орналастырылған және салық органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі.

 

665-бап. Салық органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі

Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты:

1) салық органдарының офистерінде;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.

 

 

21-БӨЛІМ. Тексеру нәтижелеріНЕ ЖӘНЕ
салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ

93-тарау. Тексеру нәтижелері ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 666-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

666-бап. Жалпы ережелер

1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және қарау осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

Салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарау бойынша әдістемелік ұсынымдарды қараңыз

 

667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.

Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеруді жүргiзген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қараған салық органдарына шағымның көшiрмесiн жiберуге тиiс.

Уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:

1) өзi келіп ұсыну тәртібімен - уәкілетті органның шағымды алған күні;

2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша шағымды қараушы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол бар болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.

Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Уәкілетті органға шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

 

668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5. Шағымға:

1) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмелері;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

 

669-бап. Шағымды қараудан бас тарту

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Уәкілетті орган:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 670-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі

1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.

2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын мәселелер шегінде қаралады.

4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.

5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;

2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;

4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын адамдарға қандай да бір ықпал етуіне тыйым салынады.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 671-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.

Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.

Шағымды қарау аяқталған соң уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәждi шешiм шығарады.

2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама - өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның толық немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.

3. Шағым бойынша шешім жазбаша нысанда салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.

4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 672-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізілгенде - уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;

2) мемлекеттік органдардың, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарының және өзге де ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мұндай органдарға және ұйымдарға сұрау салу жіберілгенде - жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауап алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді.

3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыруларды ұсынғанда - он бес жұмыс күніне ұзартылады.

Бұл ретте, осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда - тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 673-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;

3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы;

4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

5) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;

6) шағымның мәні;

7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 674-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдарлары

Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуын тоқтата тұрады.

Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 675-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.

3. Тақырыптық тек серу осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеру жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде уәкілетті орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.