12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;
13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;
21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;
22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын табысы;
24) осы тармақтың 1) - 23) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер табыстардың бірнеше баптарында сол бір табыстар көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес анықтау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бір рет есепке алынады.
3. Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары осы бөлімнің мақсатында осы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.
86-бап. Өткізуден түсетін табыс
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 111-бабының 2-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткізуден түсетiн табыс болып табылады.
Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.
2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:
1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
4) мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыс жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Құн өсімінен түсетін табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:
бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде - тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;
бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде - бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.
2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелерi;
2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
3) орнатылмаған жабдық;
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
5) бағалы қағаздар;
6) қатысу үлесi;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) инвестициялық алтын;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, құны толығымен шегерiмге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк сала объектілеріне жатқызылған мүлiк жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбір актив бойынша өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбір актив бойынша заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбір актив бойынша беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мыналардан:
осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан басқа, егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтық құны болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны деп мұндай активтердің шығып қалған күнгі қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны танылады.
5. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесi бойынша:
1) өткізу кезiнде - өткiзiлу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған бағалы қағаз, қатысу үлесі құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің бастапқы құны арасындағы оң айырма;
3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбір бағалы қағаз, қатысу үлесi бойынша құн өсiмi болып танылады.
6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:
1) өткізу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, өткiзiлу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсiмi болып танылады.
7. Қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiнiң құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған iс жүзіндегі шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесiнiң бастапқы құны болып табылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
7-1. Осы баптың мақсатында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) бағалы қағаздарын жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып сатып алудың бастапқы құны осындай акциялардың және (немесе) бағалы қағаздардың бастапқы құны болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ іс жүзінде енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар осы Кодекстің 137-бабының 2, 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жиынтық жылдық табысқа қосылады.
9. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтер бойынша құн өсiмi әрбір актив бойынша:
1) өткізу кезiнде - өткізу құны мөлшерiнде;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мөлшерiнде;
3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мөлшерiнде айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы баптың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын арттыруға жататын шығындарды ескере отырып осы активтердің өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады.
88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс
1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;
2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:
осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есептен шығарылған;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда тарату балансын бекiткен күнi төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа 2017 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама түрде иеленген заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға байланысты туындаған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
6. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қатысты кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетін табыс
1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.
Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:
1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:
1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;
3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;
4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында және 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.
2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.
4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.
Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:
Т * (А/Б), мұнда:
Т - есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;
А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б - шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.
2009.13.02. № 135-ІV ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды.
2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2014 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру кезеңінде 2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңның 7-бабының редакциясында қолданылды
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді