Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.

Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингiне, швейцар франкiне, канада долларына, жапон иенiне айырбастайды.

Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.

Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге ай сайын келiп түсетiн консулдық алымдар түсiмi 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есептi кезеңнiң соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетiлген валюта түрлеріндегі эквивалентiн құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.

7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

 

3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ

 

20-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ

 

80-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 555-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

555-бап. Салық әкімшілігін жүргізу

Салық әкімшілігін жүргізу салық органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде салық төлеушіге (салық агентіне) нысанын уәкілетті орган бекітетін құжаттарды беру журналына оның қолы қойылып жүзеге асырылады.

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 556-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

556-бап. Салықтық бақылау

1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

2. Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отынға, биоотынға және мазутқа бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) салықтық зерттеп-қарау;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау;

7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуімен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиісті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 557-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

557-бап. Салық құпиясы

1. Мына мәліметтерді:

1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;

2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;

4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;

2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

4-1) осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататындар;

5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;

7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:

сәйкестендiру нөмiрi;

жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);

дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;

салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен шығару күнi, тiркеу есебiнен шығару себебi;

қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;

салық төлеушiнiң резиденттiгi;

бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

бақылау-касса машинасын пайдалану орны туралы;

қолданылатын салық режимі туралы;

9) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептілігiн табыс етпеуi туралы;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды

12) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанындағы прокурор санкциялаған уәжді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы істерді қарау барысында сотқа;

3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.

Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына береді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тiзбесiн бекітеді.

Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп белгілейді;

6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;

7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде; өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, өндірушілер туралы;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды беру тәртібін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.

Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға береді.

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) есебі салық органдарында жүргізілетін, салық құпиясын құрайтын берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;

2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктердi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер бөлiгiнде бередi.

Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін монополияға қарсы органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

14) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу үшін қажетті мәліметтер бөлігінде береді.

Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

15) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға береді.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16) республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органға береді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді

2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

17) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға береді.

Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

19) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Апелляциялық комиссияның мүшелеріне береді.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Салық органдары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.

2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық құпиясын:

осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық органдарының лауазымды адамдары;

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметті алған Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары, Апелляциялық комиссияның мүшелері жария етпеуге тиіс.

5. Салық органдарының лауазымды адамдары, салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

558-бап. Салықтық зерттеу

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салықтық зерттеу - салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салық органдары:

тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде болуын немесе болмауын растау;

осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсыру;

осы Кодекстің 608-бабының 1-1-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны тапсыру;

салық төлеушіге (салық агентіне) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсыру мақсатында жүзеге асыратын салықтық бақылаудың өзге нысаны.

Салықтық зерттеп-тексеруді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы себепті салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберген осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы;

Бұл ретте банк шоты бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша зерттеу осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.