«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 96-ІV Қазақстан Республикасының Заңы (2009.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

32-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2008 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 12 017 мың теңге көзделсін.

2009.11.11. № 198-IV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

33-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 4 708 237 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды сатудан түскен 2 706 666 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін.

34-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының балансына бұрын берілген кредиттер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатылатын болып белгіленсін.

35-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі талаптары тоқтатылатын болып белгіленсін.

2009.09.04. № 150-IV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

36-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 1 982 054 мың теңге көзделсін.

2009.09.04. № 150-IV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

37-бап. 2009 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 60 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

38-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 1 577 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

39-бап. 2009 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 70 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

40-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2009 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

41-бап. 2009 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын болып белгіленсін.

42-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 4-і.

 

                № 96- ІV-ҚРЗ

 

2009.09.04. № 150-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.11. № 198-IV ҚР Заңымен  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

 

«2009 - 2011 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2008 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 96-IV Заңына

1-ҚОСЫМША

 

2009 жылға арналған республикалық бюджет