2008 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті үшінші сессиясының
2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 24 шешімі
(2008.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 14 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 және 7 баптарына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 63 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-IV «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы негізінде, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының 2008.03.03. № 45 (бұр.ред.қара); Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008.12.04. № 67 (бұр.ред.қара); 2008.28.06. № 81 (бұр. ред. қара); 2008.26.07. № 83 (бұр. ред. қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) түсімдер 22574179 мың теңге;
соның ішінде:
салықтық түсімдер 8159925 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 432971 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 5747473 мың теңге;
трансферттер түсімі 8233810 мың теңге;
2) шығындар 20673461 мың теңге;
3) операциялық сальдо 1900718 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу 0 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар
бойынша сальдо 442873 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы (профицит) 1457840 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын (профицитті)
қаржыландыру: - -1457840 мың теңге;
қарыздардың түсуі 488000 мың теңге;
қарыздарды өтеу 2448000 мың теңге;
бюджет қаржылары қалдықтарының қозғалысы 0 мың теңге.
2. Қалалық бюджет кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне және Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалыптасады деп белгіленсін.