Реформаның нәтижелерін сезінуді рұқсат беру құжаттарын қайта қарау аяқталғаннан кейін кейінгі екі жыл ішінде күту керек. Алынған нәтижелер рұқсат беру құжаттарына қайта қарау жүргізілгеннен кейінгі келесі басқа да шараларды іске асыру есебінен жақсарады деп күтілуде.
Тұжырымдаманы іске асыру барысына мониторинг жүргізу мақсатында оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданатын болады.
ҚР Үкіметінің 2009.10.11. № 1803 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 27 қарашадағы
№ 1100 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің
2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
| Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар | Орындалу (іске асырылу) мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | ||||
| 1 | Мемлекеттік органдарда рұқсат беру құжаттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс топтарын құру | Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің өкімі | ЭБЖМ (жинақтау), мемлекеттік органдар, ҰТО (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін сарапшы тобы, кәсіпкерлердің салалық бірлестіктері | 2009 жылғы ақпан |
| 2 | Рұқсат беру құжаттарын оңтайландыру мақсатында рұқсат беру жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметінеақпарат | Мемлекеттік органдар, ҰТО (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін сарапшы тобы | 2009 жылғы наурыз, маусым |
| 3 | Лицензияланатын қызмет түрлерін қысқарту, лицензиялау режимін басқа реттеу түрімен алмастыру жөнінде ұсыныстар беру | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Мемлекеттік органдар- лицензиарлар | 2009 жылғы сәуір |
| 4 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы- ның Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағыЗаң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық Комиссияның хаттамасы | ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҰТО (келісім бойынша) | 2009 жылғы шілде |
| 2. «Электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде рұқсат беру рәсімін оңайлату | ||||
| 5 | Үлгі стандарт және мемлекеттік қызмет көрсету регламенті негізінде стандарттар мен әрбір рұқсат беру құжатының регламентін бекіту | ЭБЖМ-ге ақпарат | Мемлекеттік органдар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2009 жылғы 4 тоқсан |
| 6 | "Е-лицензиялау" мемлекеттік электронды деректер базасын құру және енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар | 2009, 2010 жылдардың 4 тоқсаны |
| 7 | «Е-лицензиялау» мемлекеттік электронды деректер базасымен жұмыс істеуге мемлекеттік органдар мамандарын оқытуды жүргізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | АБА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар | 2009 жылдың 4 тоқсаны |
| 8 | Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін жүргізуді және рұқсат беру құжаттарын «жалғыз терезе» қағидаты бойынша беруді қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | АБА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар | 2010, 2011 жылдардың 4 тоқсаны |
| 3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу | ||||
| 9 | Лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу саласындағы жекелеген функцияларды бәсекелестік ортаға (аутсорсинг) беру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ЭБЖМ (жинақтау), мемлекеттік органдар | Жыл сайын 10 қаңтарға дейін |
| 10 | Азаматтық-құ-қықтық жауапкершілік және бизнестің шарттар, кодекстер, келісімдер арқылы өзін-өзі реттеу тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету | ҚазақстанРеспубликасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жинақтау), мемлекеттік органдар | Жыл сайын 10 каңтарға дейін |
| 4. Тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету | ||||
| 11 | Рұқсат беру жүйесінің реформасын іске асыру барысын жария талқылаулар жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат беру жүйесін саласындағы нормативтік актілерді түсіндіру | Интернет-конференциялар, бұқаралық ақпарат құралда- рындағы жарияланымдар | МАМ (жинақтау), мемлекеттік органдар | Жылына 2 рет - 10 шілдеге және 10 қаңтарға дейін |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҰТО - «Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы