«Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 555 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 Бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, 17 бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін: «Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».