Күтілетін нәтижелер
елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
астананың, елдің орталық және солтүстік аудандарының тұрғындарын жалпы тұтынатын азық-түліктің шамамен 20-30 %-ы көлемінде төмен бағада азық-түлік тауарларымен жыл бойы үздіксіз жабдықтау;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме бағасын қадағалайтын бенчмарканың болуы;
ауыл шаруашылығы өнімдеріне мезгіл аралық бағаның ауытқуының төмендеуі;
сауда делдалдары санының азаюы;
нарық бәсекелестігі принципі негізінде баға түзілудің тиімді жүйесін құру;
азық-түліктің көтерме сауда базарларын, қалыптастыру, азық-түлікті тарататын орталықтар және басқаларының қызмет етуі негізінде тауар қозғалысының тиімді жүйесін құру.
10.3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесінің әрі қарай дамуы
Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңында астықтың ішінара немесе толық жойылуына әкелетін қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру ұйымдарына төлемдердің 50 % қайтарып беру көзделген.
«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ агент болып айқындалды.
2007 жылы сақталынған егістік көлемі 11,8 млн гектарды құрады (немесе 2006 жылға қарағанда 1,3 есеге өсті). 2006 жылы сақтандыру компанияларға 441 млн. теңге, 2007 жылы - 309,3 млн. теңге өтелді.
Балама сақтандыру жүйесін қалыптастыру мақсатында «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 30 өзара сақтандыру қоғамдары құрылды. 2007 жылы олардың сақтандыруымен қамтыған алқаптар 15 млн. гектарды құрады немесе барлық сақтандыруға жататын алқаптың 13%-ы.
Мәселелер
ауыл шаруашылығында сақтандыру қызметтерін пайдалану үлесінің төмендігі;
сақтандыру нарығына қатысушылардың міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын орындамауы;
сақтандыру компанияларының агенттік және филиалдық торабының дамымауы;
өзара сақтандыру қоғамын құруға және қатысуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жеткілікті белсенділік танытпауы.
Шаралар
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, сақтандыру компанияларын және өзара сақтандыру қоғамдарын ақпараттық қамтамасыз ету;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау;
ауыл шаруашылығында өз еркімен сақтандыру үшін жағдайлар жасау;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру шарттары бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне төленетін сақтандыру жарналарының 50 % өтеу.
Күтілетін нәтижелер
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандырумен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді толығымен қамтуды қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолайсыз табиғи-климаттық өзгерістеріне тәуелділігін төмендету;
АӨК сақтандыру институтын дамыту.
10.4. Астық және мақта қолхаттары
Астық иелерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында астық қабылдау кәсіпорынында астық көлемін және сапасын сипаттайтын астық қолхаттары механизмі құрылған.
Астық қолхаты эмиссиондық емес ордерлік құнды қағаз бола тұра, астық саласына қаржы тартуда өтімді кепілдеме құралы ретінде бола алады.
«ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес ұйымы астық қолхаттары жүйесінің тұрақты кепілдемесін қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешеніне кредит беру көлемін өсіру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Қазіргі кездегі астық қолхаттары бойынша кепілдеме жүйесі агроөнеркәсіптік кешеніне кредит беруді теңбе-тең ұлғайту үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін жаңа кредит беру жолдарын ашады.
Қазіргі уақытта сақтау сыйымдылығы 2,7 миллион тоннаны құрайтын 41 астық қабылдау кәсіпорыны астық қолхаттары бойынша кепілдеме жүйесіне қатысушылар болып табылады.
Ұқсас қағида бойынша мақта қолхаттары механизмі де әзірленген.
Мәселелер
астық саласына, оның ішінде астық қолхаттарының кепілдемесіне кредит беретін ұйымдардың қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі;
астық қолхаттары бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді реттейтін заңнаманың жетілдірілмеуі;
астық және мақта қолхаттары иелерінің кепілдеме жүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпараттық қамтылуының жеткіліксіздігі.
Шаралар
астық және мақта қолхаттары бойынша кепілдеме көлемін ұлғайту;
астық және мақта қолхаттары кепілдемесі негізінде астық саласын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға жәрдемдесу.
Күтілетін нәтижелер
астық және мақта қолхаттарының кепілдеме көлемін ұлғайту;
лицензия берілген мақтаны қайта өңдеу ұйымдары мен астық қабылдау кәсіпорындарын мақта және астық қолхаттары бойынша міндеттерді орындаудың кепілдік жүйесіне тарту;
кепілдемелік астық және мақта қолхаттарының кепілдемесіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит берудің көлемін ұлғайту.
11. АӨК субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
Аграрлық нарық субъектілерін ақпараттық-кеңестік және маркетингтік қамтамасыз етудің дамуын 16 облыстық өкілдіктері, 14 облыстық орталықтары, Алматы және Семей қалалары, 161 ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтары (бұдан әрі - ААКО) ұсынған «ҚазАгроМаркетинг» АҚ (бұдан әрі - ҚАМ) «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес ұйымы қамтамасыз етеді.
КАМ АҚ тізімі жыл сайын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілетін, АӨК 50 мыңнан кем емес субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық қызметтер пакетін көрсетуді жүзеге асырады.
КАМ АҚ ай сайын бюллетень жариялайды, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және мемлекеттік органдар тапсырыстары бойынша нарықтың маркетингтік зерттеулерін жүргізеді.
29165 адам үшін КАМ АҚ кеңестік қызмет көрсету үшін 51905 адамды қамти отырып 3147 оқу семинарларын жүргізді, 673 бизнес-жоспар әзірледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Электронды сауда жүйесі даму үстінде (ЭСЖ). Сауда алаңында бидай, ұн, тұқымдық материал және ауыл шаруашылығы техникасының сатушылары мен тұтынушылары арасында белсенді сауда жүруде.
Қазіргі кезде «е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың біркелкі автоматтандырылған жүйесінің (БАБЖ) бірінші ретті кіші жүйесін құру аясында БАБЖ модульдерін әзірлеу аяқталды (54 анықтамалық, 34 статистикалық форма және 83 есеп әзірленді).
2007 жылы «Казагромаркетинг» АҚ Орта-Азиялық «KAZAGROFOOD`07» жеміс-көкөніс форумы (Шымкент қ.), Екінші қазақстандық «Қараөткел жәрмеңкесі - 2007» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі (Астана қ.), II «Қазақстандық астық форумы - 2007» көрме-жәрмеңкелік шараларды ұйымдастырып өткізді.
Мәселелер
Ақпараттық қамтамасыз етудің, АӨК субъектілері үшін оқыту және кеңестік қызметтердің жеткіліксіздігі;
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін диалог алаңдарының болмауы.
Шаралар
АӨК субъектілері және ауыл тұрғындарына «КАМ» АҚ аймақтық желісі арқылы өтеусіз негізде ақпараттық қызмет көрсету;
Астана қаласында мамандандырылған аграрлық көрме-жәрмеңкелік кешен салу;
агроөнеркәсіптік кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың біркелкі автоматтандырылған жүйесін әрі қарай дамыту;
«КАМ» АҚ аймақтық желісінің дамуы;
аграрлық тақырыптар бойынша халықаралық форумдар мен жәрмеңкелер өткізу.
Күтілетін нәтижелер
қауіпті бағалау үшін мемлекеттік басқару органдарын және даму институттарын жедел, сенімді ақпаратпен және талдамалық зерттеулермен қамтамасыз ету, басқаруға қатысты шешімдер қабылдау, бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін анықтау;
АӨК субъектілерінің операциялық тиімділігін және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;
2011 жылы ақпараттық-кеңестік қызметтерді өтеусіз негізде алатын АӨК субъектілерінің санын 55 мың бірлікке дейін жеткізу;
білім беру қызметтеріне және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің электрондық құралдарын қолдану мәдениетіне қол жетімділікті арттыру;
отандық ауыл шаруашылығы тауарлары мен қызметтерін халықаралық нарыққа өткізу, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату;
халықаралық талаптарға сәйкес келетін ауыл шаруашылығының көрме-жәрмеңке шараларын толық көлемде жүргізу.
12. Шаралар кешенін құқықтық қамтамасыз ету
ДСҰ талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын үйлестіруі;
ғылыми-зерттеу қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
тауарлы балық және қоректік организмдерді өсіру, республикада балық жемдерін, аулау жабдықтарын, жүзу құралдарын және балық су жабдықтарын өндіру бойынша шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген салық салу механизмдерін әзірлеу;
Салина артемиясын, шаян және басқа да гидробионттарды аулау, өсіру және қолдану бойынша пайдаланушылардың су қоймаларын қолдануы туралы ережені әзірлеу және оларды экспорттау тәртібін анықтау.
13. Қажетті ресурстар мен қаржыландырудың көздері
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 13- бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2009 - 2011 жылдарға арналған Шаралар кешенін іске асыруға кететін жалпы шығын
2009 жылы - 148 513,0 млн. теңгені;
2010 жылы - 189 813,1 млн. теңгені;
2011 жылы - 124 857,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджеттен:
2009 жылы - 90 988,3 млн. теңге;
2010 жылы - 107 082,4 млн. теңге;
2011 жылы - 113 120,2 млн. теңге.
жергілікті бюджет қаражатынан:
2009 жылы - 4 650,0 млн. теңге;
2010 жылы - 4 850,0 млн. теңге;
2011 жылы - 5 050,0 млн. теңге.
басқа да қаржы көздерінен:
2009 жылы - 4 374,7 млн. теңге;
2010 жылы - 6 380,7 млн. теңге;
2011 жылы - 6 687,4 млн. теңге.
Ұлттық қордан
2009 жылы - 48 500,0 млн. теңге;
2010 жылы - 71 500,0 млн. теңге.
Шаралар кешенін қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
14. Шаралар кешенін іске асырудан күтілетін нәтижелер
2011 жылы тиісті мемлекеттік қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде:
АӨК салаларын тұрақты дамыту;
ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 20,7 % ұлғайту;
жыл сайын ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісін 5 %-ға ұлғайту;
ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін өсіру;
отандық өнімнің ұлттық бәсекелік артықшылықтарын дамыту;
инновациялық технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттылықтарды енгізу;
еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі;
импортқа тәуелділік коэффициентін еліміздегі жалпы тұтыну көлемінің 20 %-нан аспайтын деңгейін ұстап тұру;
2011 жылы балық және басқа да су жануарларын аулауды 51,25 мың тоннаға дейін ұлғайту;
ауыл тұрғындарының мақсаттық топтарындағы 3,5%-дық үй шаруашылықтарына шағын кредит беру;
агроөнеркәсіптік кешен салаларының жұмысын басқаруда жоғары деңгейге қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.31.12. № 2320 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.20.07. № 744 қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-бөлім өзгертілді
15. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін
орнықты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін
орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары