Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға Қосымшаға Түзетулер (Лондонда қ.,1995 жыл 7 шілде)

п Қосымша
 
Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға
Қосымшаға Түзетулер
(Лондон қ.,1995 жыл 7 шілде)

 

ҚР түзетулерге қосылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1167 Қаулысын қара

 

І ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

І/1-ереже

Анықтамалар мен түсіндірулер

 

1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін, егер арнайы өзгеше көзделмеген болса:

1 «Ережелер» Конвенцияға Қосымшада бар ережелерді білдіреді;

2 «Мақұлданған» осы ережеге сәйкес Тараптың мақұлдағанын білдіреді;

3 «Капитан» кемені басқаратын тұлғаны білдіреді;

4 «Командалық құрам тұлғасы» капитан болып табылмайтын, ұлттық заңнамаға немесе ережелерге сәйкес, не осындай тағайындау болмаған кезде ұжымдық шартқа немесе дәстүрге сәйкес осыған тағайындалатын экипаж мүшесін білдіреді;

5 «Капитанның көмекшісі» Конвенцияның II тарауының ережелеріне  сәйкес біліктілігі бар командалық құрам мүшесін білдіреді;

6 «Капитанның аға көмекшісі» лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін командалық құрам тұлғасын білдіреді;

7 «Механик» Конвенцияның III тарауының ережелеріне сәйкес біліктілігі бар командалық құрам тұлғасын білдіреді;

8 «Аға механик» қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша жоғары механикті білдіреді;

9 «Екінші механик» аға механик қабілетсіз болған жағдайда қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапкершілік жүктелетін аға механиктен кейінгі механикті білдіреді;

10 «Тағылымдамашы механик» механик болу үшін дайындықтан өтіп жүрген және ұлттық заңнама мен ережеге сәйкес осыған тағайындалатын тұлғаны білдіреді;

11 «Радио операторы» Радиобайланыс регламенті негізінде Әкімшілік беретін немесе танитын дипломы бар тұлғаны білдіреді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.