Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық
департаментінің 1998 ж. 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы
(2007.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2007.28.11. № 422 Бұйрығымен кіріспе толықтырылды (бұр.ред.қара)
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. СССР Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы № 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы күші жойылған деп есептелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық департаментінің
Директоры
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. № 238; 18.02.02 ж. № 67; 17.03.04 ж. № 17 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен нұсқаулықтың мәтiнi бойынша сөздер ауыстырылды; ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2007.20.04. № 42 бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша «активтердің бір өлшемі құны 1/10 лимиті» деген сөздер «екі айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі қазынашылық
департаментінің
1998 жылғы 27 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі
Нұсқаулық
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру