2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2007 жылғы 4 мамырдағы
№ 361 қаулысымен
бекітілген
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған жоспар