«Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 201 Қаулысы (2009.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

1. Осы талап: киімдерге және тоқыма материалдарынан, теріден, үлбірден; трикотаж бұйымдарынан; дайын бөлек тігін бұйымдарынан жасалған киімдерге және тігін бұйымдарына қолданылады. өнімдер тобының, өнімдер сипатының тізбесі 1-кестеде келтірілген.

 

1-кесте

 

2. Біртектес топтарды қалыптастыру және өнімдерді сәйкестендіру: СЭҚ ТН кодымен өнім атауына, шикізат құрамына, пайдаланушының жас белгісіне сәйкес келтіруге әкеледі.

3. Өнімнің биологиялық және химиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер пайдаланушының жасына және киімнің атқарымдық мақсатына байланысты белгіленді. Киім атқарымдық мақсатына байланысты: бірінші қатардағы киім, екінші қатардағы және үшінші қатардағы киімдер болып бөлінеді.

4. Бірінші қатардағы киімге байланысы тікелей былғары қатыстырылып пайдаланатын бұйымдар жатқызылады. Бұл топқа бұйымның мынадай түрлері жатады: іш киім және төсек жарақтары; корсеттік, жүзу бұйымдары; бас киімдер (жаздық); шұлық-ұйық бұйымдары; қол орамалдар мен орамалдар және т.б.

Екінші қатардағы киімге баланың денесіне байланысы шектеулі бұйымдар жатқызылады. Бұл топқа көйлек, жейде, сыртқы жейде, шалбар, юбка, көйлек-костюм, свитер, жемпір және осыған ұқсас бұйымдар жатқызылады.

Үшінші қатардағы киімге пальто, қысқа пальто, куртка, плащ, костюм (астары бар), басқа да осыған ұқсас бұйымдар.

5. Пайдаланушыға арналған ақпарат:

бұйымның сыртқы және астарындағы (ұсынылады) материалында табиғи және химиялық шикізаттың (пайыздық құрамы) салмақтық үлесі мен түрі. Шикізаттың нақты мәндерінен ауытқуы және пайыздық құрамы 5 %-дан аспауы тиіс. Үлбір бұйымдары үшін: үлбірдің түрі, өңдеу түрі (боялған немесе боялмаған) көрсетіледі;

бұйымның мөлшері Қазақстан Республикасындағы қабылданған үлгі мөлшерлік шәкілге сәйкес;

бұйымдар, материалдар үшін күтіп-баптау бойынша символдарға;

Пайдалану немесе қолдану (қажет болғанда) процесінде бұйымды күту ерекшелігі бойынша нұсқамасы. Жаңа туған нәрестелерге арналған іш-киім бұйымдары үшін «Алдын ала жуу міндетті» деп көрсетіле отырып толықтырылуы тиіс.

6. Тоқыма материалдарынан, трикотаж бұйымдарынан жасалған киімдер, тігін бұйымдары биологиялық қауіпсіздікті сипаттайтын көрсеткіштері бойынша 2, 3-кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

 

2-кесте

 

Ескертпе:

1) жүзу киімдерінің су сіңіргіштігі; шұлық-ұйық бұйымдары ауа өткізгіштігі анықталмайды.

2) қолғаптарда, биялайларда, бас киімдерде - ылғал жұтқыштығы, ауа өткізгіштігі анықталмайды.

7. Жаңа туған нәрестелерге арналған іш-киімдер табиғи шикізаттан (мақта, зығыр, жүн) дайындалуы тиіс. Жаңа туған балаларға арналған іш-киімдердің қосылған тігісі сыртынан болуы керек. Шала туған балаларға арналған бұйымдардың конструкциясында баланың басы мен денесі түймелерге, кнопкаларға көрсетілген бөлшектерге жанасуы мүмкін жерлерде тігістері мен қиықтары болмауы керек.

Бала денесімен жанаспайтын жерлерде химиялық жіптермен тігістерге арналған талшықтарды қолдануға рұқсат етіледі.

Аз уақытқа арналған (кемінде екі сағат) бұйымдарда химиялық материалдардан (шілтерлер, тігіс, кестелер, жапсырмалар) әрлеуге рұқсат етіледі. Әрлеу баланың терісіне тікелей жанаспауы тиіс.

8. Үшінші қатардағы киімді қолданған кезде астарсыз балалар бұйымдарындағы ауа өткізгіштігі үстінен 10 дм32с үстіңгі материалдарда ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін құрамды элементтер қарастырылуы тиіс.

9. Бұйымдар боялуының тұрақтылығы 3-кестеде көрсетілген нормадан кем болмауы керек.

 

3-кесте

 

10. «Балалар» деген таңбамен мақсатты көрсетіліммен нарықта айналымға келіп түскен тоқыма материалдар қауіпсіздігі бойынша материалдың мақсаты мен түріне байланысты 2, 3, 6, 7-кестенің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

2. Былғарыдан жасалған киім мен бұйымға қойылатын талаптар

 

11. Балаларға арналған өнімдерді жасау үшін былғарының қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің номенклатурасы мен нормасы 4-кестеде келтірілген.

4-кесте

 

3. Үлбірден жасалған киім мен бұйымға қойылатын талаптар

 

12. Үлбірден жасалған киім мен бұйымға қойылатын қауіпсіздік көрсеткіштерінің номенклатурасы мен нормасы 5-кестеде келтірілген.

5-кесте

 

13. Тоқыма материалдардан жасалған киімдерден зиянды химиялық заттардың бөлінуі 6-кестеде жазылған нормалардан аспауы тиіс. Бақыланатын химиялық заттардың тізбесін материалдың химиялық құрамына және өнімнің түріне байланысты анықтайды: бірінші және екінші қабаттағы бұйымдарда - су ортасында, үшінші қабаттағы бұйымдарда (жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларға арналған бұйымдардан басқа) - әуе ортасында. Жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларға арналған үшінші қабаттағы бұйымдарда бақыланатын зиянды химиялық заттар су және әуе ортасында анықтайды. Су ортасындағы уыттылық индексі қоса алғанда 70 %-дан 120 %-ға дейін, әуе ортасында қоса алғанда - 80 %-дан 120 %-ға дейін болуы тиіс.

 

6-кесте

 

Ескертпе:

1) су - дистилденген су

*) 3.2-кестенің нормативтеріне сәйкес бос формальдегидтердің салмақ үлесі.

**) табиғи талшықтардан жасалған материалдар үшін ғана.

14. Бірінші және екінші қабатталған бұйымдарда және оларды дайындауға арналған материалдарда болуы өндіру процесінде аппреттерді қолданумен негізделген ұшпа химиялық зиянды заттардың санын анықтайды. Химиялық ұшпа заттарды бөлу 7-кестеде көрсетілген нормалардан аспауы тиіс.

 

7-кесте

 

15. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

«Балаларға арналған өнімдер

мен бұйымдар қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

4-қосымша

 

Аяқ киім, былғары-галантериялық бұйым

өнімдерінің тізбесі және қауіпсіздік талаптары

 

1. Өнім тізбесі

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы қауіпсіздік талаптары балаларға арналған аяқ киім, былғары галантериялық бұйымға қолданылады. Топтар тізбесі, өнім сипаттамасы 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

 

2. Аяқ-киімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерге қойылатын талаптар балалардың жыныс-жас топтарына байланысты белгіленеді.

3. Осы Техникалық регламенттің 26-тармағына сәйкес ұсынылған, пайдалануға арналған ақпарат бұйымның мөлшерін, моделін және (немесе) артикулын көрсете отырып толықтырылуы тиіс.

4. Аяқ-киімнің пайдалану процесіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін химиялық және физика-механикалық көрсеткіштерінің нормативі 2-кестеде келтірілген.

2-кесте

 

5. Рұқсат етілмейді:

5 жасқа дейінгі балаларға арналған аяқ киімдерде өкше бөлігінің ашық болуын қоса алғанда;

барлық жыныс-жас топтарындағы балаларға арналған жабық аяқ-киімдерде жасанды және/немесе синтетикалық былғарыдан жасалған астары.

6. Балаларға арналған былғары галантерея бұйымдарының қауіпсіздік талаптары 3-кестеде келтірілген.

 

3-кесте

 

7. Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған оқушылардың арқаға асатын сөмкелері нық анатомиялық арқалықпен жабдықталуы тиіс.

8. Былғары-галантерея бұйымдарынан жасалған аяқ-киім материалдарының зиянды химиялық заттарды бөлуі материалдың түріне байланысты нормативке сәйкес болуы тиіс, 5-кесте - үлбірлерге арналған, 2-кесте - былғарыға арналған, 4-кесте - полимерлік материалдарға арналған.

9. Үйге және жүзуге киетін аяқ-киімнен, биялайлардан, қолғаптардан, майда былғары галантереядан зиянды заттардың бөлінуін бақылау, сулы ортада, аяқ-киімнің қалған түрлері мен былғары галантерея бұйымдары - ауа қабатында жүргізіледі.

 

4-кесте

 

10. Аяқ киімді сәйкестендіру және біртектес өнімдер тобын жасақтау атауы, түрі, жыныс-жас құрамы, аяқ-киімнің үстіне және төменгі бөлшектеріне арналған қолданылу материалдары, маусымы бойынша жүргізіледі.

11. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

«Балаларға арналған өнімдер

мен бұйымдар қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

5-қосымша

 

Арбалардың, велосипедтердің қауіпсіздік талаптары

 

1. Өнім тізбесі

 

1. Осы талап балаларды тасымалдауға арналған коляскаларға, велосипедтер мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балаларға белгіленеді.

2. Біртектес өнім топтарының тізбесі 1-кестеде СЭҚ ТН өнімдердің жіктемелеріне сәйкес көрсетілген.

1-кесте

 

2. Арбалардың қауіпсіздік талаптары

 

3. Бұйым деңгейлес және еңкіш тегіс беті (бұрышынан 100) берік, пайдаланған кезде сенімді болуы тиіс.

4. Бұйым баламен қарым-қатынас жасағанда бөлшектерінің өткір жиектері, қуыстары болмауы тиіс. Баланың саусақтарына зақым келмеуі үшін ашық саңылауларының, тесіктерінің диаметрлері: 5 мм көп және 12 мм кем болмауы тиіс. Ашық балалар арбасының баланың құлап қалмауына арналған құрылғысы (қауіпсіздік, ұстап тұру белдігі және т.б.) болуға тиіс, балалар арбасының арқалығы нық болуға тиіс.

5. Балалар арбасының тежегіш, тұйықтау жүйесіне баланың қолы жетпеуге тиіс немесе оларды ашып-жабу бір мезгілде екі қолмен, немесе арнайы аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Жылжымалы (жиналмалы тұтқалар) және (шанақтың) алмалы-салмалы бөлшектерді жұмыс жағдайынан өз бетімен алуға жол берілмейді.

6. Бұйымның тоқыма материалдары берік болуға тиіс, эталонның сұр шәкілі бойынша кемінде 3 балл бояудың өңі беруі орнықты болуы керек. Балалар арбасының жабық шанағының сыртқы қаптамасы су өтпейтіндей немесе су өтпейтін чехолы болуға тиіс.