Банктер мен және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 Бұйрығы
(2011.13.01. берілген толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 365 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2011.13.01. № 16 бұйрығымен барлық мәтін бойынша «сыйақы ретінде танылуын», «тануды» деген сөздерден кейін «мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 216-бабы 4-тармағына, 218-баптың 4-тармағына және 581-баптың 5), 11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына нысандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 101.09 нысаны бойынша есепті тоқсан ішінде шартты банк салымдарындағы ақша қозғалысы туралы есеп;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 101.10 нысаны бойынша банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілеген несие (займ) бойынша кірістердің сыйақы ретінде танылуын мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тоқтату туралы хабарлама.