«Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 193 Қаулысы (күші жойылды)

Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 193 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 32 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы  Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4156 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.