«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 Қаулысы (2010.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

ҚР Үкіметінің 2009.14.05. № 715 Қаулысымен 4-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің

функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

 

Жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа шеңберінде Министрлік Экологиялық реттеу және бақылау комитетін құрды, оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы реттеулік және бақылау функциялар берілді. Барлық аумақтық бөлімшелер қазіргі уақытта әкімшілік-аумақтық емес, бассейндік қағидат бойынша қалыптастырылады, бұл бүтіндей экологиялық жүйелерге жататын аумақтарды басқаруға бірыңғай тәсіл негізінде тиімді табиғат пайдалануды және табиғат ресурстарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аумақтық басқармалардың саны 16-дан 8-ге дейін қысқартылды және Комитетке тікелей бағынысты. Министрлік ішкі ортаны жетілдіру және қызмет нәтижелерін жақсарту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.

Қойылған стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға қол жеткізу үшін Экологиялық кодексті әрі қарай іске асыру, қоршаған орта сапасының нормативтерін халықаралық стандарттармен үндестіру қажет. Өндіріс және тұтыныс қалдықтарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу, ел аумағын тарихи ластанулардан тазартуды қамтамасыз ету және ірі қалаларда ауаны көлікпен ластау проблемасын шешу қажет.

Озық қолжетімді, экологиялық және серпінді технологияларды енгізуге ықпал ететін тиімді экологиялық-экономикалық жүйені қалыптастыру үшін экологиялық реттеу және бақылау жүйесін әрі қарай жетілдіру, мемлекеттік табиғат қорғауды бақылауды техникалық жабдықтауды тұрақты арттыру қажет. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға нысаналы көрсеткіштерді және квоталарды белгілеу, мемлекеттік бақылау тиімділігін арттыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды жүргізу қажет. Кәсіпорындарда ISO 14001 стандартына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін енгізу, экологиялық салықтарды жүргізу, мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындарды экологиялық стандарттарға сәйкестікке сертификаттауды ұйымдастыру қажет. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында функцияларды бөлу шеңберінде жергілікті деңгейге 2-інші және 3-санаттарға жататын табиғат пайдаланушыларға рұқсаттарды беру және экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі функциялар берілетін болады.

Орнықты дамуға көшуді қамтамасыз ету және орнықты дамудың Йельск индексін арттыру үшін Қазақстан Республикасы үшін өндіру мен тұтынудың орнықты модельдерін енгізу, жаңа және экологиялық таза технологияларды пайдалану, Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің үлесін арттыру және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыру тетігін енгізу, Еуразия су орталығының қызметін қамтамасыз ету қажет.

Салалар және өңірлер бөлігінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді ұйымдастыру үшін орнықты даму проблемалары жөніндегі орталықты, орнықты дамуға көшу және нысаналы көрсеткіштер мониторингін жүргізу жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ететін өңірлерде үйлестірушілік орталықтарының қатарын құру қажет.

Трансшекаралық сипаттағы экологиялық проблемаларды шешу үшін бассейндік қағидат бойынша орнықты дамудың өңіраралық аймақтарын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

Экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы жүйесін енгізу және Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтің ұлттық жүйесін 2015 жылға дейінгі перспективамен реформалауды қамтамасыз ету қажет.

Министрліктің қызметін жақсарту және жетілдіру үшін тиісті комитет жүргізетін Министрліктің аумақтық басқармалары қызметінің тиімділігін және сапасын рейтингтік бағалау жүргізілетін болады. Бағалауды жүргізу аумақтық органдарының қызметтерінде бар кемшіліктерді анықтауға, осал жерлерді айқындауға, мемлекеттік қызметтерді орындау сапасын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.

Министрлікті кадрлармен қамтамасыз ету, кадрлардың тұрақтамауын қысқарту үшін кадрлық әлеуетті тұрақты көтеру, білікті мамандарды тарту, біліктілік деңгейін арттыру, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру қажет. Министрліктің жанындағы Ақпараттық талдау орталығы жүргізетін аудиторлық экологиялық қызметтер және экологиялық сақтандыру саласындағы оқыту курстарының сапасын және санын арттыру қажет. Атқарушылық тәртіптің сапасын арттыру және мониторингі үшін құжаттың өту жолының барлық кезеңдерінде ақпараттық бағдарламаларды функционалдық қолдануды кеңейту қажет.

 

Ықтимал тәуекелдер

 

Өз қызметінің үдерісінде Министрлік тәуекелдердің қатарының пайда болуымен қақтығысуы мүмкін. Тәуекелдің типіне және көзіне байланысты оларды басқару үшін Министрлік стандартты және ахуалдық шараларды іске асыратын болады. Төменде негізгі тәуекелдердің тізбесі келтірілген.

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.14.05. № 715 Қаулысымен кесте өзгертілді (бұр.ред.қара)

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

 

5. Бағдарламалық және өзге нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі

 

1. Қазақстан Республиканың 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі

3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

4. «Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы

5. «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қарашадағы № 216 Жарлығы

6. «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысы

7. «Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 162 қаулысы

8. «Орнықты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 848 қаулысы

9. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктері сапалы жаңа деңгейге қол жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысы

10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысымен бекітілген Үкіметтің 2007 - 2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

ҚР Үкіметінің 2009.14.05. № 715 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламалар

 

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 15 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады, оның ішінде 9 - ағымдағы, 6 - бюджеттің даму бағдарламалары. Бюджеттік бағдарламалар нысан бойынша 3-қосымшаға сәйкес әрқайсысына жеке әзірленген.

Бюджеттік бағдарламалардың жиынтығы 5-қосымшада ұсынылған.

Қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 2008 жылы 9,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша - 4,3 млрд. теңге, даму бағдарламалары - 5,1 млрд. теңге.

Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының құрылымында жоспарлы кезеңдегі көзделетін бюджеттік шығындарының жалпы сомасы 4,56 млрд. теңге үш жаңа бюджеттік бағдарлама әзірленді: «Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін жаңғырту», «Қазақстан Республикасында орнықты даму қағидаттарын енгізу», «Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астана қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқаруда деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».

Бұдан өзге, 001 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасынан капиталдық шығындар (жөндеу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету) алынып тасталды және жеке бюджеттік бағдарламаларға бөлініп шығарылды. Оларды қаржыландыру көзқарасынан Стратегиялық мақсаттарға қосылатын басымды іс-шаралар бойынша қаражаттарды қайта бөлу жүргізілді.

2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыруға жалпы бюджеттік шығындар 35,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2009 жылы - 6,5 млрд. теңге, 2010 жылы - 17,1 млрд. теңге, 2011 жылы - 12,0 млрд. теңге.

Шығындарды стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлу нысан бойынша 6-қосымшаға сәйкес ұсынылған.

 

ҚР Үкіметінің 2009.14.05. № 715 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009 ж. 15 желтоқсандағы № 2122 Қаулысымен (бұр.ред.қара)

 

3-қосымша (001)

 

Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі

қызметтерді ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарлама

 

 

3-қосымша (002)

ҚР Үкіметінің 2009.14.05. № 715 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау

министрлігінің бюджеттік бағдарламасы