Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi
Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1346 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі |
|
|
| Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1346 қаулысымен
бекітілген
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен
байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге
тiркеу ережесi
1. Жалпы ережелер
Осы Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi Заң) 5-бабы негiзiнде әзiрлендi және қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектілердi Мемлекеттік тiзiлiмге (бұдан әрi - Мемлекеттік тiзiлiм) тiркеу шарттары мен тәртібін белгiлейдi.
1. Мемлекеттік тiзiлiм:
Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерiнiң бiрыңғай тiзбесiн жасау;