(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 28.10.01 Ж. № 419 Қ...

Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң аралық тарату
балансының, басқа да есептерiнiң, тарату балансының нысандары және тарату
комиссияларының оларды ұсыну мерзiмдерi мен тәртібі туралы нұсқаулықты
бекіту жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 ж. 28 қазандағы № 419 қаулысы

(2007.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң аралық тарату балансының, басқа да есептерiнiң, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзiмдерi мен тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсiн және нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң аралық тарату балансының, басқа да есептерiнiң, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзiмдерi мен тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң аралық тарату балансының, басқа да есептерiнiң, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзiмдерi мен тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жiберсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.