«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 596 Бұйрығы (күші жойылды)

«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы
№ 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 596 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 461 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдегі Заңның 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы № 363 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген, Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережелерінде:

3, 4, 5 тармақтарында «салықтық тіркеу» деген сөздерді «салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша» сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:

«5-1. Этил спирті және/немесе шарап материалын өндірісі және айналымы, алкоголь өнімін өндірісі және айналымы, алкоголь өнімін айналымы айналастын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері этил спирті және/немесе шарап материалын өндірісі және айналымы, алкоголь өнімін өндірісі және айналымы, алкоголь өнімін айналымы декларацияларын құрылымдық бөлімшелері тіркеу жері бойынша табыс етеді»;

6 тармақта «салықтық тіркеу» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:

«6-1. Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы декларацияларын табыс ету мерзімінің аяқталғанына дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей салық салу  (немесе) тіркеу орны бойынша салық органына осы Декларацияның табыс ету мерзімін ұзарту туралы арыз хатын осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес электрондық түрде тапсыра алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.