Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1310 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасыныә Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
«Төсек-орын керек-жарақтары:» деген реттік нөмірі 45-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: