«Қол қойылатын бонус бойынша салық Есептілігін (декларация) жасау ережелері» (510.00-нысан) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен бекітілген (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы 25 желтоқсандағы

№  611 бұйрығымен бекітілген

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

Қол қойылатын бонус бойынша салық Есептілігін (декларация) жасау ережелері
 (510.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойылатын бонус бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелерге сәйкес, қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігінің нысандарын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша Декларацияны әрбір жер қойнауын пайдалануға жасалған жеке келісім-шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.

4. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

5. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабын 3 тармағына сәйкес салық төлеушімен немесе оның өкілімен қол қойылады және салық төлеушінің немесе Қазақстан Республикасының  заңдылығында белгіленген жағдайларда өз мөрі бар, оның өкілінің мөрімен расталады.

6. Декларацияны беру кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық органына қайтарылады;

2) хабарламалы тапсырысты хатпен  почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.