Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 25 желтоқсандагы
№ 611 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және экспортқа арналған ренталық салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша Декларация шикi мұнай, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалармен жасалады.
2. Декларация. Декларация Декларацияның өзінен (570.00-нысан) және экспортқа арналған ренталық салықты есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (570.01-нысанынан) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болғанда Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады.
6. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.
7. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.