(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМИЯТЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 4 СӘУІРДЕГ...

Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 99 қаулысына

қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 88 тармағы;

2) Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 3193 тіркелген «Жеңілдіктер беру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі.

6. Мемлекеттік қызмет 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - бір ай;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 30 минут;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 20 минут.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9. Осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тізімдер, сондай-ақ арнайы ақпарат көздері, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық мәліметтер Бөлімнің стендтерінде, www.akimat.info веб-сайтында жазылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.