(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМИЯТЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 4 СӘУІРДЕГ...

Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 99 қаулысына

қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 23 бабы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 89 тармағы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): құжаттар ресімдеу, үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілетті тұлғаларының шығынын өтеу.

6. Мемлекеттік қызмет үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 1 күн;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 30 минут.

3) мемлекеттік қызметті алу кезінде жіберілетін күту уақыты: ұсыныс жасаған кезде қызмет көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9. Осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тізімдер, сондай-ақ арнайы ақпарат көздері, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық мәліметтер Бөлімнің стендтерде, www.akimat.info веб-сайтында жазылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.