5 Көрсеткіштер алдыңғы жылмен салыстырғанда берілген
6 ҚР өндірілетін өнімдер жөніндегі экспорттың болжамы соңғы 4 жыл ішінде (алдыңғы жылмен салыстырғанда) құрылған үрдістер негізінде орындалды (ТЭК классификациямен тең өңделген өнім, металдар және олардан жасалған өнімдер)
7 Келтірілген көрсеткіштер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес келеді
8 Францияда 1 мың тұрғынға 450 шаршы м қазіргі заманғы сауда алаңдары келеді, Польшада - 350 шаршы м, Чехияда - 200 шаршы м.
4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлер
Қазіргі уақытта Министрліктің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы қабылданды.
Оның негізіне мынадай алғышарттар қойылған:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру шеңберінде стратегиялық, реттеуіш, іске асырушылық және бақылау функцияларын бөлу және оларды Министрліктің комитеттері мен орталық аппаратының арасында қайта бөлу;
Министрліктің функцияларын құрылымдық бөлімшелердің арасында дәл бөлу және бөлімше басшыларының салалық жауапкершіліктерін дербестендіру;
құрылымдық бөлімшелердің әрқайсыларына салалық жүктемені санды қайта бөлу жолымен оңтайландыру;
құрылымдық бөлімшелердің арасындағы функционалдық міндеттемелердің қайталануын болдырмау.
Әлемдік дағдарыспен байланысты отандық өнеркәсіпті қолдау жөнінде, экономиканың құлдырауына және жұмыссыздықтың деңгейін арттыруға жол бермеу жөнінде нақты міндеттер қойылды. Заңнамалық актілердің қарқынды өзгеруі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларының едәуір санын өте қысқа мерзімде әзірлеудің және енгізудің қажеттілігіне алып келеді. Шектеулі уақыт әзірлеушіге жобаларды дайындау кезінде жан-жақты және терең талдау жүргізуге мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде заңнамадағы қателіктерді, қаралып отырған проблемалардың жеткілікті пысықталмауын туындатады.
Осыған байланысты Министрлік осы бағыттарда мыналарды:
Министрлік қызметінің бағыттары бойынша қолданыстағы заңнамаға неғұрлым сапалы талдау жүргізуді, жүйелендіруді, мониторингті және уақтылы өзектендіруді;
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларын қабылдаудағы ұйғарылатын салдарды терең талдау негізінде оларды әзірлеуді;
заң өкілдерін, құқықтану ғалымдарын және т.б. тарта отырып, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, мемлекеттік қызмет желісі бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы нормативтік шығармашылық мәселелеріне Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуі қажет.
Сектораралық өзара іс-қимыл
Министрліктің таңдалған стратегиялық мақсаттары бойынша мақсаттарға қол жеткізу табыстылығы көп жағдайда басқа мүдделі тараптармен үйлесімдік және өзара іс-қимыл дәрежесіне байланысты болады:
Оларды басқару үшін тәуекелдің түрі мен көздеріне қатысты стандартты және жағдаяттық арнайы шараларды іске асырылатын болады. Төменде негізгі тәуекелдер тізбесі жазылған.
Министрліктің Стратегиялық жоспарында ескерілетін «Нұр Отан» ҰДП сайлау алды платформасының жай-күйі
Министрліктің Стратегиялық жоспар жобасында «Нұр Отан» сайлау алды платформасының бір қатар жай-күйлер орын алған, оларды орындау бойынша жұмыс мына түрде жүзеге асырылатын болады:
1) білімге негізделген бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту өндірістің шикізаттық емес саласы және экономиканы жедел әртараптандыруды дамыту, өнеркәсіп өндірісінің өсуінің орташа жылдық қарқының 8% кем емес деңгейде қамтамасыз ету.
Осы мақсатты тапсырманы орындау 1. Индустриялық дамыту Стратегиялық бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын болады (1.3-мақсат. Экономиканың өңдеуші салаларын дамыту)
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшін инвестициялық ахуалды дамыту
Осы мақсаттқа қол жеткізу 4. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және (1.1-мақсат. Инвестициялық қамтамасыз ету) 5. Стратегиялық бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын болады (1.5-мақсат. Экономиканың шикізаттық емес секторына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту);
Экономиканың нақты секторының мүддесінде отандық қаржыландыру институттарының ресурстарын тиімді пайдалану
Осы мәселе «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ -ның қарамағында;
2) дамыған ғылым — бәсекеге қабілетті экономиканың негізі
қазақстандық кәсіпорындарға отандық ғалымдарды және инженерлердің әзірлемелерін енгізу
Осы тезис бойынша нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс Индустриялық дамыту 2. Стратегиялық бағыты шеңберінде жүргізілетін болады (2.1-мақсат. Экономиканың нақты секторының инновациялық дамуын қамтамасыз ету)
3) қазақстанның ұстанымын өңірде және әлемде нығайту
Қазақстан мен Ресей, Орта Азия елдерінің арасында тауарларды, қызметтерді және жұмыс күшін еркін жылжыту үшін қолайлы жағдайларды жасау
Осы міндет 3. Сауданы дамыту Стратегиялық бағыты шеңберінде іске асырылатын болады (3.1-мақсат. Әлемдік сауда жүйесіне ықпалдасу және шикізаттық емес экспортты жылжыту);
Ресеймен инновациялық секторларда екі жақты экономикалық өзара іс-қимыл саласын кеңейту
Осы тезис бойынша нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс 2. Инновациялық дамыту Стратегиялық бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын болады (2.1-мақсат. Экономиканың нақты секторының инновациялық дамуын қамтамасыз ету).
5. Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заң;
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодекс;
4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі;
5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі;
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;
7. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы;
8. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңы;
9. «Демпингке қарсы шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы;
10. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы;
11. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңы;
12. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы;
13. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы;
14. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы;
15. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы;
16. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы;
17. «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңы;
18. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы;
19. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңы;
20. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңы;
21. «2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 26 Заңы;
22. «Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 маусымдағы № 44 Заңы;
23. «Кеден одағының комиссиясы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 маусымдағы № 45 Заңы;
24. «Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы № 81 Заңы;
25. «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы № 82 Заңы;
26. «Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы № 83 Заңы;
27. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы.
мың. теңге