(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2007.30.04 № 123 ҚАУЛЫСЫ

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті
жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.