Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(920.00-нысан)
(2009.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бірыңғай жер және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын және Салық кодексінің 439-бабының шарттарына сай келетін бірыңғай жер салығын төлеушілер жасайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (920.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (920.01-ден 920.04-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.