Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика
секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи
монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына
арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының 23.05.03 ж. № 138-НҚ; 13.02.04 ж. № 70-НҚ
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П. Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т. Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;