Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1321 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде:
2-тармақта «электрондық түрде» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта» деген сөздер «веб-порталда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасында «немесе» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тапсырыс беруші мәліметтерді оның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрынғы енгізілген мәліметтерге өзгерістер енгізген жағдайда тапсырыс беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістерді тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді.
7. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді.
Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.»;
9-тармақта «және қағаз» деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта «электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті органға веб-портал арқылы электрондық түрде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «веб-портал арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;»;
4) тармақшада «конкурстың қорытындылары,» деген сөздерден кейін «бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
«орналасқан орны және» деген сөздер «орналасқан орны,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(СТН) немесе» деген сөздер «(СТН) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақтың үшінші абзацында «3) тармақшасында» деген сөздер «3), 23) және 32) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді веб-порталға енгізеді.»;
«электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді» деген сөздер «веб-портал арқылы енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздер «7-қосымшаға сәйкес шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді. Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.»;
19-20-тармақтар алынып тасталсын;
22-тармақта «және қағаз» деген сөздер алынып тасталсын;
23-тармақта «мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді» деген сөздерден кейін «электрондық және қағаз түрінде» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың 4) тармақшасында «(СТН) немесе» деген сөздер «(СТН) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын;
кестенің 6-бағанында «/БСН» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-бағанмен толықтырылсын:
«БСН»;
Ережеге 5 және 6-қосымшалар алынып тасталсын;
Ережеге 7-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
кестенің 5-бағанында «/БСН, ЖСН» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-бағанмен толықтырылсын:
«БСН, ЖСН»;
7-бағанда «мемлекеттік шарттың» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу туралы шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің 7-бағанында «/БСН, ЖСН» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-бағанмен толықтырылсын:
«БСН, ЖСН»;
9-бағанда «мемлекеттік шарттың» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу туралы шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-бағанда «шарттың тізілімдердегі» деген сөздер «шарттың тізілімінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.