(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 № 1224 ҚАУЛЫСЫ

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясының 4 отырысын өткізу; қазақ тілінің бірыңғай терминологиялық жүйесін жасау жұмыстарын жүргізу (30 салалық терминологиялық секциялары); республика аумағында топонимикалық атауларды фонетикалық, лексикалық және графикалық принциптерін сәйкестендіру және ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ономастика комиссиясының 2 отырысын өткізу; мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Үкіметтік комиссиясы мен оның жанындағы тұрақты түрде жұмыс істейтін тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері жөніндегі сараптама топтардың кемінде 4 отырысын өткізу; отандастар ісі жөніндегі комиссияның 4 отырысын өткізу; тілдерді дамытуға арналған кемінде 25-тен кем емес жалпы республикалық іс-шара (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу; шетелде тұратын отандастар мәселелері жөнінде кемінде 10-нан кем емес республикалық іс-шара (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін білуге арналған 12-ден кем емес республикалық байқау өткізу; 1 Қазақстан халықтары тілдерінің республикалық фестивалін, 1 шетелде тұратын қазақ диаспорасының халық шығармашылық фестивалін, Қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен 1 халықаралық ақындар мүшәйрасын өткізу; республикалық ұлттық-мәдени орталықтарының жексенбілік мектептерінде 690 оқушыға қазақ тілін оқыту; Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша 2 әлеуметтік зерттеу жүргізу; шетелде тұратын отандастар мәселелері жөнінде 2 әлеуметтік зерттеу жүргізу; қоғамда қазақ тілін дамытуға бағытталған «Тіл және қоғам» мамандандырылған альманағының 4 нөмірін басып шығару; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі «Балапан» журналының 6 нөмірін шығару; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы бюллетеньдерінің 4 және ономастика комиссиясы бюллетеньдерінің 4 нөмірін шығару; шетелде тұратын отандастардың ғылыми және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынасты қолдау үшін «Туған тіл» мамандандырылған альманағының 2 нөмірін әзірлеу және басып шығару; республика аумақтарының әкімшілік аумақтық елді мекендерді, барлық түрдегі объектілердің көрнекі атауларын мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, бизнес, гидронимдер (көл, өзендер) атауларын қамтитын қазақ тіліндегі үлкен ономастикалық көрсеткіш құрастыру және 16 000 таралыммен шығару; кемінде 170 000 дана қазақ тілін жеделдетіп оқыту әдістемелік құралдарын шығару; шетелде тұратын қазақ диаспорасына қазақ тілін жеделдетіп оқыту бойынша кемінде 8 000 дана оқу-әдістемелік құралдар шығару; «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» - 2 том, «Қазақша-орысша сөздігін» - 2 том, «Қазақша-орысша, орысша-қазақша экономикалық сөздігін» әрқайсысын 100 000 таралыммен шығару.

Соңғы нәтиже: қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің ролін арттыру; этникалық топтардың тілдерін дамыту; шет елдерде тұратын отандастардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тілді дамыту және қазақ диаспорасының мәселелері жөнінде 1 республикалық іс-шараны өткізу шығындарының орташа құны - 760 000 теңге; мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін білуге арналған республикалық конкурстар өткізу шығындарының орташа құны - 1 921 333 теңге; мемлекеттік тілді үйретуге арналған оқу-әдістемеліктерін әзірлеп шығару шығындарының орташа құны - 444,6 теңге; әлеуметтік зерттеулер жүргізудің орташа шығыны - 1 576 250 теңге; қазақ диаспорасын өкілдерін қазақ тіліне жеделдетіп оқыту жөнінде сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеудің және шығарудың орташа шығыны - 798 теңге; сөздіктерді шығарудың орташа шығыны - 639 теңге; жексенбілік мектептердің оқушыларын қазақ тіліне оқытудың орташа шығыны - 15 222 теңге; қазақ тіліндегі 1 үлкен ономастикалық көрсеткішті шығарудың орташа шығыны - 800 теңге.

Уақыттылығы: Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу; Жоспарда белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шаралар өткізу; Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапасы: республиканың барлық азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру; шетелдерде тұратын отандастардың тілдік қажеттіліктерін толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

69-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет

объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 19183699 мың теңге (он тоғыз миллиард бір жүз сексен үш миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғындардың демалысы, мәдениеті жүйесін қамтамасыз ету және қалыптастыру, мәдени мұралар, театр және концерт мәдениетін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мәдениет инфрақұрылымын дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ғимаратын салу, Астана қаласында 3500 орындық әмбебап киноконцерт залының, Астана қаласында «Шабыт» сарайының және Конгресс-холлдың жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарының орындалуы. Қарағанды облысы Абай қаласындағы 500 орындық аудандық мәдениет Сарайын қайта құру және қалпына келтіру жұмыстарының орындалуы.

Соңғы нәтиже: мәдени нысандарды салуды, қайта құру және қалпына келтіруді жүзеге асыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жобалардың жүзеге асу тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша.

Уақыттылығы: жасалған келісімшарттар мен жұмыс өндірісіне байланысты кестесіне сәйкес.

Сапа: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

70-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1092940 мың теңге (бір миллиард тоқсан екі миллион тоғыз жүз қырық мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 25, 31-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 «Мемлекеттік мекемелер, ведомствоға бағынышты орталық атқарушы органдардың штаттық санының лимитін бекіту туралы« қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамытуға және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жүйелік комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұражайлық маңызы бар заттарды зерттеу мен әйгілендіру, еліміздің ұлттық мәдени игілігін мұражай ісі саласында қолдану мен зерттеу үрдісін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- мұражайтану жөнінде 250 лекция өткізу;

- 4100 экскурсия өткізу;

- мұражайтану саласында 150 ғылыми мақала жариялау;

- 30 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу;

- 5 халықаралық ғылыми-форумға қатысу.

- 15 халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысу;

- мұражай тану мәселесі бойынша 400 ғылыми кеңес өткізу;

- 110 тақырыптық көрме өткізу;

- 3 ғылыми-теориялық симпозиумға қатысу;

- 35 жылжымалы көрме өткізу;

- 27 басқа іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер және т.б.);

- 1000 экспонатты қалпына келтіру.

Сатып алу:

Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайына: компьютер - 2 комплект;

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығына: кемінде 2 бірлік экспонат;

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына: жиһаз (шкафтар, үстелдер, орындықтар);

Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына: қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларын - 5 бірлік, қазақстандық суретшілердің скульптураларын - 4 бірлік;

Республикалық кітап мұражайы: кітаптар;

Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығына: принтер - 2 бірлік.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы ғимаратында күрделі жөндеуді аяқтау.

«Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының суықпен қамтамасыздануы мен ауаны кондициялау және желдету жүйелерін күрделі жөндеуін аяқтау және ғимаратының күрделі жөндеуінің 1-ші кезең жұмыстарын бастау.

Соңғы нәтиже: мұражайлық мәндегі және тарихи мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және жүйелі комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми зерттеу қызметін жүргізу. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуді (100 %). «Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратына (27 %) және суықпен қамтамасыздануы мен ауаны кондициялау жүйелеріне (100%) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір экспонаттың сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 2 026 теңге.

Уақыттылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.

Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның ерекше тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

71-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1139529 мың теңге (бір миллиард бір жүз отыз тоғыз миллион бес жүз жиырма тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 34, 36-баптары, «Алматы облысында «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 қаулысы, «2005-2009 жылдарға арналған «Көне Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай-қорықтардың құрамына кіретін мәдениет тарихы ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және жаңғырту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану, туризмді дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ескерткіштер мен еске алу орындарын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, жаңа ескерткіштерді анықтау, ескерткіштерді қайта жаңғырту. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта жаңарту, консервациялау және салу.

ҚР Үкіметінің 2008.04.07. № 674 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.04.07. № 674 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

Сатып алу:

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы: жиһаз;

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы: мотоцикл - 2, қарда жүру машинасы - 1;

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы: мұражай экспозициясына арналған экспонаттар, мұражайдың ғылыми кітапхана қорын толықтыру үшін әдебиеттер, компьютерлер - 3 комплект;

«Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайы: экспонаттар, компьютерлік жабдық - 1 комплект, ризограф - 1 бірлік, кеңсе жиһазын - 2 комплект;

«Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы: арнайы өртке қарсы автокөлік;

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы: компьютер - 2 комплект, жиһаз.

«Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында күрделі жөндеу жүргізу.

2006-2007 жылдары басталған жалғасатын тарихи кешендерді қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Берел қорымынан алтын археологиялық бұйымдар (б.з.д. VI-VIII ғ.), Ақыртас сарай кешені, VI-VIII ғғ., Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің әшекейлеу және өңдеу бөліктерінде жөндеу жұмыстары және шатырын қайта құру, Бөкей Ордасының Хан тағының кешені (бас тағы, флигелі) XIX ғ., Баба ата қорғанды-сарай кешені ескерткіштері XVII ғ., "Ботағай" кесенесі XV ғ., Ақкесене мұражайы XVII ғ., Қарақожа мешіт-медресесі XVIII ғ., Орал қаласындағы бірінші әскери училищесінің ғимараты XIX ғ., Шаян ауылында мешіт-медресесі XIX ғ., ежелгі Сайрам қалашығының архитектуралық ескерткіштері (Әбдел-Әзиз-Баб, Қожа Талиға, Мірәлі-Баб кесенелері, Қызыр мұнарасы, VІ-XVІІ ғғ., Жүсіп-Ата мешіті мен кесенесі, XVI-ХІХ ғ., Қалжан-Ахун мешіт-медресесі, XIX ғ., Дамаск қаласында (Сирия) Сұлтан Бейбарс кесенесі, XIII ғ., Қарағұл мешіті.

Талғар (Талқыз) қалашығының тарихи археологиялық нысандар кешенін қалпына келтіру, консервациялау және мұражайландыру, Алматы облысы Х-XV ғғ.

2008 жылы жоспарланған кесенелерді қайта қалпына келтіру және консервациялау жұмыстарын жүргізу: Тамғалы шатқалындағы петроглифтерді консервациялау, Назар Қожа мешітін, Ежелгі Сауран ескерткіші, б.э.д. V-ІV ғ.ғ. Алматы облысы «Бесшатыр» қорымында қайта қалпына келтіру жұмыстары, Отырар қалашығы маңында қыш-құмыра шеберханаларын жаңғырту, Тамғалы Тасты консервациялау, Айғаным мекенін XIX ғ. қайта қалпына келтіру, Сығанақ қалашығындағы мешіт-медресені ХІІІ-XVІІ ғ. қайта қалпына келтіру.

Қазақ халқының мәдени мұрасын ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне қойылған мәдени және аралас объектілерді қорғау зонасы мен территориясының шекарасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуді қарастыратын 13 бағыт бойынша зерттеу жүйесін жасау; Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін қайта қарау және нақтылау, Қазақстанның дүниежүзілік республикалық және жергілікті маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін басып шығару үшін материалдар дайындау; Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарының тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жиынтығын басылымға дайындау, Монғолия территориясында табылған руникалық жазумен жазылған ескі түріктік тас мүсінінің көшірмесін қайта жаңарту.