7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясының 4 отырысын өткізу; қазақ тілінің бірыңғай терминологиялық жүйесін жасау жұмыстарын жүргізу (30 салалық терминологиялық секциялары); республика аумағында топонимикалық атауларды фонетикалық, лексикалық және графикалық принциптерін сәйкестендіру және ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ономастика комиссиясының 2 отырысын өткізу; мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Үкіметтік комиссиясы мен оның жанындағы тұрақты түрде жұмыс істейтін тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері жөніндегі сараптама топтардың кемінде 4 отырысын өткізу; отандастар ісі жөніндегі комиссияның 4 отырысын өткізу; тілдерді дамытуға арналған кемінде 25-тен кем емес жалпы республикалық іс-шара (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу; шетелде тұратын отандастар мәселелері жөнінде кемінде 10-нан кем емес республикалық іс-шара (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін білуге арналған 12-ден кем емес республикалық байқау өткізу; 1 Қазақстан халықтары тілдерінің республикалық фестивалін, 1 шетелде тұратын қазақ диаспорасының халық шығармашылық фестивалін, Қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен 1 халықаралық ақындар мүшәйрасын өткізу; республикалық ұлттық-мәдени орталықтарының жексенбілік мектептерінде 690 оқушыға қазақ тілін оқыту; Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша 2 әлеуметтік зерттеу жүргізу; шетелде тұратын отандастар мәселелері жөнінде 2 әлеуметтік зерттеу жүргізу; қоғамда қазақ тілін дамытуға бағытталған «Тіл және қоғам» мамандандырылған альманағының 4 нөмірін басып шығару; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі «Балапан» журналының 6 нөмірін шығару; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы бюллетеньдерінің 4 және ономастика комиссиясы бюллетеньдерінің 4 нөмірін шығару; шетелде тұратын отандастардың ғылыми және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынасты қолдау үшін «Туған тіл» мамандандырылған альманағының 2 нөмірін әзірлеу және басып шығару; республика аумақтарының әкімшілік аумақтық елді мекендерді, барлық түрдегі объектілердің көрнекі атауларын мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, бизнес, гидронимдер (көл, өзендер) атауларын қамтитын қазақ тіліндегі үлкен ономастикалық көрсеткіш құрастыру және 16 000 таралыммен шығару; кемінде 170 000 дана қазақ тілін жеделдетіп оқыту әдістемелік құралдарын шығару; шетелде тұратын қазақ диаспорасына қазақ тілін жеделдетіп оқыту бойынша кемінде 8 000 дана оқу-әдістемелік құралдар шығару; «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» - 2 том, «Қазақша-орысша сөздігін» - 2 том, «Қазақша-орысша, орысша-қазақша экономикалық сөздігін» әрқайсысын 100 000 таралыммен шығару.
Соңғы нәтиже: қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің ролін арттыру; этникалық топтардың тілдерін дамыту; шет елдерде тұратын отандастардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тілді дамыту және қазақ диаспорасының мәселелері жөнінде 1 республикалық іс-шараны өткізу шығындарының орташа құны - 760 000 теңге; мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін білуге арналған республикалық конкурстар өткізу шығындарының орташа құны - 1 921 333 теңге; мемлекеттік тілді үйретуге арналған оқу-әдістемеліктерін әзірлеп шығару шығындарының орташа құны - 444,6 теңге; әлеуметтік зерттеулер жүргізудің орташа шығыны - 1 576 250 теңге; қазақ диаспорасын өкілдерін қазақ тіліне жеделдетіп оқыту жөнінде сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеудің және шығарудың орташа шығыны - 798 теңге; сөздіктерді шығарудың орташа шығыны - 639 теңге; жексенбілік мектептердің оқушыларын қазақ тіліне оқытудың орташа шығыны - 15 222 теңге; қазақ тіліндегі 1 үлкен ономастикалық көрсеткішті шығарудың орташа шығыны - 800 теңге.
Уақыттылығы: Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу; Жоспарда белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шаралар өткізу; Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: республиканың барлық азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру; шетелдерде тұратын отандастардың тілдік қажеттіліктерін толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
69-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет
объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 19183699 мың теңге (он тоғыз миллиард бір жүз сексен үш миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғындардың демалысы, мәдениеті жүйесін қамтамасыз ету және қалыптастыру, мәдени мұралар, театр және концерт мәдениетін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мәдениет инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: