(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 № 1224 ҚАУЛЫСЫ

Предыдущая страница

Соңғы нәтиже: Халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі, Улгий қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет орталығын құру (Монғолияда).

Қаржылық-экономикалық тиімділік: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 21 505 мың теңге.

Уақыттылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.

Сапа: Адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

75-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету»

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 3395034 мың теңге (үш миллиард үш жүз тоқсан бес миллион отыз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 22-бабы; «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы; «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани әлеуеті мен мәдени деңгейін арттыру, қазақстандық орындаушылардың шығармашылық шеберлігін және Қазақстан мәдениеті жетістігін дәріптеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы театр-концерт ұйымдарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру, өндірістік-шығармашылық үрдістерді қамтамасыз ету; жаңа спектакль қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру; репертуардың жанрлық-тақырыптық мазмұнын толтыру; аумақтардың көрермендеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтумен Қазақстан және одан тыс аумақтарға гастрольдік сапарларды жүзеге асыру; халыққа арналған театр-концерт ұйымдарының қызметі жалпының қол жетуін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 2 159 спектакльдер, концерттер өткізу; республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 11 790 мың көрермен келуін қамтамасыз ету; 11 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры ғимаратының күрделі жөндеуін аяқтау; Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестрі мен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы ғимараттарына күрделі жөндеуінің 2 кезеңін жүргізу.

Сатып алу: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына: тромбон; М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына: өрт сөндіруге сигнал беру жабдығы; М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына: сахнаның механикалық жабдығы, жиһаз (шкафтар, үстелдер, орындықтар, диван), оргтехника кемінде 5 бірлік, тұрмыстық техника кемінде 3 бірлік, электрдрелі; Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына: жиһаз (трибуна, үстелдер, орындықтар, шкафтар), перде; Н. Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына: декоративтік тор; Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына: тұрмыстық техника кемінде 2 бірлік, оргтехника кемінде 6 бірлік, дыбыс жазу - 1 комплект; Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық корей театрына: жиһаз (стеллаждар, шкафтар, үстелдер, креслолар), тұрмыстық техника кемінде 2 бірлік; Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына: дыбыс жабдығының элементтерін; Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне: театр креслоларын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына: өрт сөндіруге сигнал беру жабдығын, рояль. Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, музыкалық қондырғылар, жиһаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғыларды сатып алу.

Соңғы нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту, репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 1 театр ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуді 100% қамтамасыз ету, филармония ғимаратының күрделі жөнделуін 42% және 1 оркестр ғимаратының күрделі жөнделуін 69% орындау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 1 124 мың теңге.

Уақыттылығы: Репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Сапа: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектакльдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

76-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Ақпараттың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1044788 мың теңге (бір миллиард қырық төрт миллион жеті жүз сексен сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік, құқықтық негізі: «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кітапхананың жұмысын динамикалық дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы ақпаратты сақтау және тұрғындарға жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау; 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау; 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу; 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу; 25 түрлі іс-шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер); халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу; 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу; 2 реабилитациялық байқау өткізу; қазақ және орыс тілдерінде әдебиеттерді дыбыстандыру - 400 сағат.

Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығының әрекет етуі және «РБНСГ - Вести» газетін шығару арқылы көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсетуді жақсарту.

Сатып алу: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына: білімнің әртүрлі салалары бойынша әдебиеттер, технологиялық үрдістер мен мұрағаттық сақтауға және оқырмандарға қызмет көрсетуге арналған компьютерлер - 49 бірлік, лазерлік принтерлер - 5 дана, сканерлер - 2 дана, материалдық емес активтерді, электрондық баспалар; Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға: қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, кондиционер, торшенирование, Брайл бойынша басу принтері - 2 дана, Брайл дисплейі - 1 дана, «Книголюб компакт» оқу машинасы - 2 дана, компьютерлер - 4 дана, материалдық емес активтер; Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына: электрондық кітаптар (қазақстандық және шетелдік баспалардан), пайдаланушылардың жұмыс станцияларын - 60 дана, электрондық сақтау қоймасына резервтік көшіру жүйесі үшін құрал-жабдық комплектісі, ҚазҰЭК электрондық сақтау қоймасының резервтік орталығы үшін құрал-жабдық - 1 комплект, құжаттар мен кітаптарды жеткізудің автоматтандырылған-телелифт атаулы жүйесі - 1 комплект, эрфайди жүйесіне арналған комплект, микрофильмдерді оқу аппараты - комплект, микрофиштер, жалпақ басылымды кітаптар, рельефті-нүктелік кітаптар (Брайл бойынша), материалдық емес активтер.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында күрделі жөндеуді аяқтау.

Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 1177 теңге.

Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарлату.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

77-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 35488 мың теңге (отыз бес миллион төрт жүз сексен сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикадағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: баспа мұрағаты құжаттарының сақталуын, жасақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларға қол жеткізу.

Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:

кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;

журналдар - 3 763 баспа бірлігі;

газеттер - 56 200 баспа бірлігі;

ноталар - 150 баспа бірлігі;

ұсақ баспа - 7 828 баспа бірлігі;

жырлар шығару - 48 номер 11 атпен.

Мемлекеттік ұлттық кітап палатасына: жұмыс станциясын - 2 бірлік, арнайы принтер - 1 бірлік; штрих-код сканерін - 1 бірлік; коммутатор - 1 бірлік; үздіксіз қоректену көзі - 3 бірлік сатып алу.

Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспа өнімдеріне 5 103 451 дана бойынша бақылау және оған ғылыми өңдеуді жүргізуді нығайту, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.

Уақыттылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.

Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

78-ҚОСЫМША

 

 

206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; «Мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысы; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру үшін әлеуметтік маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдік құндылықтар рухында тәрбиелеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрақты оқырмандарға әлеуметтік-маңызды әдебиеттерді жариялау мен жеткізуді қамтамасыз ету; өмірдің мәдени, және ғылыми-білімділік, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістерін, қазақ мемлекеттігі қалыптасуының сан қырлы мәселелерін айқындайтын өзекті, мазмұнды шығармаларды, публицистикалық, ғылыми, көркемдік және библиографиялық серияларды шығару; Қазақстан Республикасының облыстары бойынша мәдени және тарихи ескерткіштердің еркін томдарын шығаруда дайындық жүйелік жұмысты жүзеге асыру; тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем, және энциклопедиялық әдебиетті шығару, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ғылыми білімділікті дәріптеу, мемлекеттік тілдегі жазба және ұлттық әдебиетті жақсы үлгілерін мәдениет және әдебиеттің әлемдік ғылыми жетістіктерін әзірлеу және шығару, Ұлттық мұрағат қорын байыту және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: