Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 48 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «2010» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «2010» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 10,8 млрд. теңге, оның ішінде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңге, 2006 жылы - 2,0 млрд. теңге, 2007 жылы - 2,4 млрд. теңге, 2008 жылы - 2,0 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,0 млрд. теңге, 2010 жылы - 1,0 млрд. теңге, 2011 жылы - 1,0 млрд. теңге мөлшерінде қаражат қажет. 2005 - 2011 жылдарға болжамды қаржы шығыстарын нақтылау тиісті кезеңге арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады»;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген жолда:
үшінші және төртінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жылдың соңына дейін мерзімді басылымдарға жазылуды 1,9 есеге, хаттар мен бандерольдерді жеткізуді - 4,7 есеге, сәлемдемелерді жіберуді - 3 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. 2011 жылдың аяғына дейін компанияның таза кірісін шамамен 4 есеге, еңбек өнімділігін - 2,8 есеге, ал айлық орташа жалақыны - 4,2 есеге ұлғайту болжануда.»;
мынадай мазмұндағы бесінші сөйлеммен толықтырылсын:
«2011 жылдың соңына дейін құрылыс есебінен өзінің почта байланысы желілерін көбейту арқылы ауылдық жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейі 25,7 %-ға; ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу пункттерінің желісі 142 бірлікке; жоғары сапалы деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамту 2 есеге артады»;
«Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жаңаша технологияларды енгізу» деген 5.1-кіші бөлімде:
бірінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осыған байланысты 2005 - 2011 жылдар ішінде перспективалы ауылдық почта байланысы бөлімшелері қазіргі заманғы почта жабдықтарымен, көлік құралдарымен жабдықталатын болады, почта байланысы бөлімшелерін салу, күрделі жөндеу жүргізу және техникалық нығайтуды жүргізу жоспарлануда.»;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осылайша, 2005 - 2011 жылдары республикалық бюджеттен берілетін қаражат есебінен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын қосымша 10,8 млрд. теңгеге, оның ішінде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңгеге, 2006 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2007 жылы - 2,4 млрд. теңгеге, 2008 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2009 жылы - 1,0 млрд. теңгеге, 2010 жылы - 1,0 млрд. теңгеге, 2011 жылы - 1,0 млрд. теңгеге ұлғайту талап етіледі. 2005 - 2011 жылдарға арналған болжамды қаржы шығыстарын нақтылау тиісті кезеңге арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тартылған қаржы көздері мынадай іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады (2-кесте).»;
«Инвестиция бағыттары» деген 2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
« 2-кесте
Инвестиция бағыттары
млрд. теңге
»;
«Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер» деген 7-бөлімде:
екінші абзацтағы «3 рет» деген сөздер «4 ретке дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мерзімді басылымға жазылуды 1,7 есеге немесе жыл сайынғы өсуді орташа 5-10 % қамтамасыз етіп, қосымша 84,7 млн. данаға, хаттар мен бандерольдарды жеткізуді - 4 есеге немесе жыл сайын орташа есеппен 15% өсіріп, 48,1 млн. бірлікке, сәлемдемелер жіберуді - 3 есеге (жыл сайын орташа есеппен 11%) немесе 2,4 млн. бірлікке өсіру»;
оныншы абзацта:
«4,3 есе - 564,7 млн. теңгеге», «26 %», «3,9 есе», «55,4 мың теңгеге» деген сөздер тиісінше «4 есеге - 606,8 млн. теңгеге дейін», «25 %», «4,2 есеге», «59,1 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«почта байланысы бөлімшелерін салу есебінен өзінің почта байланысы желісін көбейту арқылы ауылдық жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейін 25,7 %-ға көтеру; ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу пункттерінің желісін 142 бірлікке кеңейту; жоғары сапалы деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамтуды 2 есеге арттыру.»;
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар» деген 1.2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.2.8, 1.2.9-жолдармен толықтырылсын:
«
»;
«Почта-жинақтау қызметтерін дамыту бойынша іс-шаралар»
деген 1.5-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.5.6, 1.5.7, 1.5.8-жолдармен толықтырылсын:
«
»;
«
»;
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.