«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 14 Бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне:
бүкіл мәтін бойынша «білім департаментінің директоры» деген сөздер «білім басқармасының бастығы» деген сөздермен ауыстырылысын;
41-тармақта «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО)» деген сөздер «Ұлттық тестілеу орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
59-тармақтағы «БТМСҰО» деген сөз тиісінше «ҰТО» деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін.»;
13-тармақта «ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері» деген сөздерден кейін «ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген» деген сөздермен толықтырылсын;