Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жыл сайын жарты жыл және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының