Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» (Астана қаласының, Әділет департаментімен 2004 жылғы 5 мамырда № 326 тіркелген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 214/28-ІІІ Шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабын және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешімімен бекітілген «Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) алтыншы бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда берілсін:
«ұсақ бөлшек сауда жасау үшін ұсақ базарларды уақытша ұстауды, сондай-ақ жалпы пайдаланатын демалыс аймағын ұстауды белгілеу және ұстау»;