Осының аясында денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс имиджін қалыптастыру өзекті болып табылады, бұл халықтың сенімін арттыруға мүмкіндік береді және емделушілердің медициналық көмекке қанағаттануын қамтамасыз етеді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты тиімділігі дәлелденген қазіргі заманғы тәсілдерді енгізу арқылы ана мен бала өлім-жітімін азайту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
дәлелді медицинаны ескере отырып, ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және іске асыру;
АБДС қызметін тиімді жоспарлау және басқару өлшемдерін енгізу, перинаталдық көмекті өңірлер бойынша іске асыру;
кадр саясатын жетілдіру;
босандыру және балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту;
әйелдер мен балаларға сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласы қызметтерінің өзара байланысы мен сабақтастығын жақсарту;
ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
халықтың ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы тиімді тәсілдер туралы ақпараттануын арттыру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
ҚР Үкіметінің 2009.25.03. № 397 Қаулысымен 5.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.1. Ана мен баланың денсаулығын сақтау мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және іске асыру мыналарды көздейді:
қызмет қажеттілігін және енгізілетін халықаралық технологияларды ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және сәйкес келтіру:
тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдеріне көшу;
балалар ауруларын ықпалдастыра емдеу/ерте шақтағы балалардың дамуы (бұдан әрі - БАЫЕ/ЕЖБД);
ерте шақтағы балаларды патронаждық байқау;
жүктіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ана мен перинаталдық өлім-жітімін құпия тексеру, сырқаттанушылықтың қиын жағдайларын құпия зерттеу;
ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, жүктіліктің қауіпсіздігіне отбасын жоспарлауға жалпы қол жеткізуді қамтамасыз ету;
қауіпсіз аборт жасау;
ЖЖБЖ-ның алдын алу және емдеу қызметін ұрпақты болу денсаулығын сақтау қызметімен ықпалдастыру;
жастармен достастықтағы қызметтер клиникалары (бұдан әрі - ЖДҚК);
балалармен достастықтағы ауруханалардың бастамалары (бұдан әрі - БДҚАБ).
5.2. АБДС саласында тиімді жоспарлау және басқару өлшемдерін енгізу, перинаталдық көмекті өңірлер бойынша іске асыру, оның ішінде:
талдамалық зерттеулер негізінде халық пен АБДС қызметінің қажеттілігін ескере отырып, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды жоспарлау;
АБДС қызметіне бюджеттен тыс қаражатты (донорлық/демеушілік қаржы, гранттар, меценаттықтар) инвестициялауды ынталандыру;
АБДС саласында сапа индикаторларын, олардың мониторингін жүргізу және бағалауды әзірлеу және бекіту.
5.3. Кадр саясатын жетілдіру мыналарды көздейді:
штат құрамы шегінде осы қызметтің АБДС мәселелеріне жетекшілік ететін денсаулық сақтауды басқару жергілікті органдардың басшысы орынбасарының лауазымын және АБДС бөлімдерін белгілеу;
АБДС саласының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіру ұсыныстар енгізу;
жоғары және орта буын мамандарын дипломға дейін және дипломнан кейін даярлауға арналған бағдарламаларды, оқу жоспарларын, оқу құралдарын қайта қарау және жетілдіру;
балалар және босандыру ұйымдарында жұмыс істейтін мамандарды оқыту каскадтық тренингін өткізу;
отбасын жоспарлауды қамти отырып, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке ерекше назар аудару арқылы АБДС саласының енгізілетін қазіргі заманғы технологияларын есепке ала отырып, кадрларды, оның ішінде медициналық ЖОО мен колледждердің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жалғастыру;
мамандарды алыс және жақын шетелдерде АБДС саласындағы қазіргі заманғы және инновациялық технологияларға оқыту;
АБДС саласында ғылымды одан әрі дамыту.
5.4. Босандыру және балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мыналарды көздейді, оның ішінде:
перинаталдық орталықтарды, перзентханаларды, облыстық және қалалық балалар ауруханаларын, сондай-ақ көп бағдарлы ауруханалардың құрылымындағы акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық бөлімшелер салу (150 денсаулық сақтау объектісін салу шеңберінде);
медициналық көмек көрсету деңгейіне сәйкес медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруды ең төменгі нормативіне дейін жеткізу, оның ішінде реанимация мен мерзіміне жетпей туған нәрестелерді күтіп-бағудың II кезеңі бөлімшелері;
АБДС саласында медициналық ғылыми ұйымдарды қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру;
санитарлық авиация қызметін мамандандырылған автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету.
5.5. Әйелдер мен балаларға медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау қызметтерінің өзара іс-қимылы мен сабақтастығын жақсарту, ол мыналар арқылы жүзеге асырылады:
АБДС жүйесіндегі дәлелді медицинаның талаптарына сәйкес жүктілік кезіндегі ауруларды және жағдайды диагностикалау мен емдеудің клиникалық нұсқауларын, хаттамаларын ұдайы қайта қарау және енгізу;
ауылдық және қалалық БМСК ұйымдарын (әйелдер мен балалар консультацияларын (кабинеттерін) нормативтерге сәйкес медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;
медициналық жабдықтардың, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтарды пайдаланудың, сондай-ақ босандыру және балалар медициналық ұйымдарында сервистік қызмет көрсету мен жөндеудің жай-күйі мен тиімділігінің мониторингі;
халықаралық стандарттарға сәйкес 0-18 жастағы балалар дамуының (денесі, психоәлеуметтік, жыныстық дамуы, тірек-қимыл аппаратының, есту-көру жағдайы) мониторингі мен бағалау;
мүмкіндіктері шектеулі балаларды БМСК деңгейінде ерте диагностикалау және емдеу;
әйелдер арасында жатыр мойны обыры мен сүт безі обырының скринингі;
амбулаториялық тегін дәрі-дәрмекпен диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;
АИТВ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттарды сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауру балаларды антиретровирустық препараттармен емдеу үшін;
2 жасқа дейінгі балаларды гемофильді жұқпаға қарсы егуді қамтамасыз ету.
5.6. Ана мен баланың денсаулығын сақтау жөніндегі сектораралық және ведомствоаралық іс-қимылды күшейту мыналарды қамтиды:
шекаралас аудандарда тұратын жүкті, босанатын және босанған әйелдер мен сырқат балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері жөнінде облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің арасында келісім шарттар жасасу арқылы перинаталдық көмекті өңірлендіруді қамтамасыз ету;
неғұрлым көбірек таралған жұқпалы емес аурулардың (семіздік, микронутриенттік жеткіліксіздік, артериялық гипертения, диабет, демікпе, онкологиялық аурулар және басқалары) алдын алу;
АИТВ-ның анадан балаға берілуінің және гемотрансфузиялық берілу жолының алдын алуды қосқанда, ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру;
Халықаралық ұйымдармен бірлесіп, АБДС мәселелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің және Денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңестерінің отырыстарында ұдайы қарау;
тууды, балалар мен әйелдердің (ҚР резидент емес тұрғындарын қосқанда) қайтыс болуы жағдайларын АХАЖ органдары арқылы дұрыс, толық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз ету;
мигранттар болып табылатын, елдің резидент емес тұрғындарына (жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және балаларға) медициналық көмек көрсетуді реттеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдер мен сырқат балаларды медициналық ұйымдарға дейін уақтылы тасымалдау үшін коммуникациялық құралдар мен жол-көлік хабарларының жай-күйін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.
5.7. Халықтың ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы тиімді тәсілдер туралы ақпараттануын арттыру мыналарды көздейді:
ақпараттандыру мен санитарлық ағартуды арттыру мақсатында аналар мен әкелерді АБДС мәселесі бойынша дайындайтын «мектептер» құру;
волонтерлердің қатысуымен (эпилепсия, бронх демікпесі, қант диабеті, фенилкетонурия және басқалары бойынша) сырқат балалар мен ата-аналарға арналған «мектептердің» жұмысын жаңғырту;
БАҚ-та тұрақты рубрикалар арқылы және басқа да көрнекті ақпараттар арқылы дәрілік заттарды ұтымды қолдану туралы халықты ақпараттандыруды күшейту.
6. Қаржыландыру көздері мен көлемі
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1216 қаулысы бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде көзделген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, халықаралық ұйымдарының қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік бюджеттен бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын жалпы шығындар 24 240 250,1 мың теңгені (2008 жылы - 8 151 134,0 мың теңге, 2009 жылы - 7 859 861,7 мың теңге, 2010 жылы - 8 229 254,4 мың теңге), соның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 8 310 940,1 мың теңгені (2008 жылы - 2 586 953,0 мың теңге, 2009 жылы - 2 766 530,7 мың теңге, 2010 жылы - 2 957 456,4 мың теңге), жергілікті бюджеттердің қаражатынан 15 929 310,0 мың теңгені (2008 жылы - 5 564 181,0 мың теңге, 2009 жылы - 5 093 331,0 мың теңге, 2010 жылы - 5 271 798,0 мың теңге) құрайды.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде дәлелді медицинаны ескере отырып, ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге және іске асыруға арналған тәсілдер айқындалатын болады; АБДС қызметін ұтымды жоспарлау мен басқарудың өлшемдері, перинаталдық көмекті өңірлендіру енгізілетін болады.
АБДС саласын басқару мен мониторингін күшейту түрінде кадрлық қамтамасыз ету, кадр саясаты, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке бағытталып енгізіліп жатқан жаңа технологияларға сәйкес медицина қызметкерлерін даярлау/қайта даярлау проблемасы шешіледі. Балалар ұйымдары мен босандыру ұйымдарының, республикалық АБДС ғылыми ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жақсаратын болады.
2008 жылдан бастап ДДҰ ұсынған тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдері енгізіледі.
Әйелдер мен балаларға сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау қызметтерінің өзара іс-қимылы мен сабақтастығы күшейтіледі, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығын сақтау жөніндегі қоғамдық құрылымдардың сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылы қамтамасыз етілетін болады. Шекаралас аудандарда тұратын жүкті, босанатын және босанған әйелдер мен сырқат балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері жөнінде облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің арасында келісім шарттар жасалатын болады.
Халықтың ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы тиімді тәсілдер туралы ақпараттануы жоғарылайды.
2010 жылға дейін аналардың өлім-жітім көрсеткіші тірі туған 100 000 анаға шаққанда, оның ішінде акушерлік қан кетуді қоса алғанда, 40,0-қа дейін төмендейді.
Контрацептивтерді пайдаланатын балиғат жасындағы әйелдердің саны көбейеді, аборттардың көрсеткіштері мен аборттан кейінгі асқынулар азаяды.
2010 жылға дейін сәби өлім-жітімі тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 25,0-ке дейін, балалар өлім-жітімі тірі туған 1000 балаға шаққанда 30,0-ға дейін (тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдеріне көшуді ескере отырып), өмірінің алғашқы жылында балалардың үйде шетінеуі 7 %-ға дейін, жаңа туған нәрестелердің бір тәулікке жетпей стационарларда шетінеуі 10 %-ға төмендейтін болады.
8. Ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі
2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаның
іс-шаралар жоспары