«Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 15 Нормативтік қаулысы

«Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 15 Нормативтік қаулысы

 

Бірге қатысып жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану аясында туындаған мәселелер бойынша біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

 

қаулы етеді:

 

1. «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне «топ болып», «топ болып алдын ала сөз байласып», «ұйымдасқан топ болып» қылмыс жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет.

Қылмыс екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда «топ болып», «топ болып алдын ала сөз байласып» қылмыс жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін.

Кінәлі адамдардың әрекеттерін «топ болып алдын ала сөз байласып» қылмыс жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыс жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.