«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 және 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 84 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 және 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 84 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 924 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 422-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламада:

«Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:

«Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту» деген 5.3.1-кіші бөлімде:

бірінші абзацта «Алматы облысындағы» деген сөздер «Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «Ақмола облысындағы «Көкшетау» МҰТП кеңейту жөнінде» деген сөздер «Ақмола облысындағы «Бурабай» МҰТП алқаптарын кеңейту жөнінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы «Көкшетау» МҰТП алқабын түзету жөнінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» деген 5.3.2-кіші бөлімде:

бірінші абзацта «Алматы облысында Жоңғар Алатауы (Жетісу) МҰТП,» деген сөздерден кейін «Жамбыл облысында «Мерке» МҰТП және «Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді),» деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Далалық, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында 2010 жылға дейін Атырау облысында «Ақжайық» МТР-ын құру, Қостанай облысында «Алтын дала» МТР-ын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылып отыр.»;

«Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаның іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ҚОҚМ» деген аббревиатура «Қоршағанортамині» деген қысқарған сөзбен ауыстырылсын;

«Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту» деген 9-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9.7-жолмен толықтырылсын:

«

9.7

«Бурабай» МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА, ПІБ (келісім бойынша)

2009 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

»;

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» деген 10-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 10.6-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10.12, 10.13 және 10.14-жолдармен толықтырылсын:

«

10.12

Астана қаласында республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

БҒМ (жинақтау), АШМ, Астана қ. әкімдігі

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

10.13

«Мерке» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

10.14

«Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді) құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

»;

ескерту: мынадай мазмұндағы аббревиатурамен толықтырылсын:

«ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы»;

2) «2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 39, 450-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасында:

«Бағдарламаны іске асыру тетіктері және негізгі бағыттары» деген 5-бөлімнің «Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру» деген 5.2.4-кіші бөлімде:

он екінші абзацта «басталды» деген сөз «жоспарланып отыр» деген сөздермен аустырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов