«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбішев Ғалым Михайлұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;

Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;

Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Ашықбаев Ержан Нығматоллаұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы;

көрсетілген құрамнан Әлмәмбетов Әлімжан Әмірханұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.