«Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне өзгерістер енгізу туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 12/163-IV шешімі

 «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 12/163-IV шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11 бабы 1 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5/79-IV «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1976 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 сәуірде № 58 «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған шешімімен өзгеріс енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы:

«Арыс қаласы бойынша» бөлімі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы:

«Арыс қаласы үшін» бөлімі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Түркістан қаласы үшін» орыс тіліндегі бөлімінің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі тақырып өзгертілмейді.

2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.