(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2008.22.08 № 131 ҚАУЛЫСЫ

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз активтерін әртараптандырудың нормативтерін осы Нұсқаулықтың 39, 41-тармақтарының талаптарына сәйкес келтірсін.

Осы Нұсқаулықтың 40, 41- тармақтарының шарттарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарына орналастырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қаржы құралдарын 2009 жылғы 1 шілдеге дейін сатсын.

5. Стратегия және талдау  департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.