23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
24) осы тармақтың 1) - 23) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.
2. Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
Табыстың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылу күні табыстың осы Кодекске сәйкес танылу күнінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсатына орай бір рет есепке алынады.
Бұл ретте, салық салу мақсатына орай табыстың танылу күні осы Кодекстің ережелеріне сәйкес айқындалады.
3. Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары осы бөлімнің мақсатында осы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар.
86-бап. Өткізуден түсетін табыс
1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстардан басқа, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады.
Өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.
2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:
1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.
87-бап. Құн өсімінен түсетін табыс
1. Құн өсімінен түсетін табыс, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде құралады.
Осы баптың мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтерге:
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзімі бар активтер;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.
2. Өсім, осы баптың 4 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердің өткізілу құны мен олардың бастапқы құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушінің осы Кодекстің 100-бабының 6, 12, 13-тармақтары, сондай-ақ осы Кодекстің 101 - 114-баптары негізінде шегерімге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
бухгалтерлік есепте туындайтын және осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құны болып табылады.
4. Бағалы қағаздарды және қатысу үлесін өткізу кезінде:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, қатысу үлесі бойынша - өткізілу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - дисконттың амортизациясын және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақыны ескере отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма құн өсімі болып табылады.
5. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерінің құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады.
6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
7. Осы Кодекске сәйкес тіркелген активтер бойынша шегерімдерді айқындай алмайтын салық төлеуші осы салық төлеушінің меншік құқығында меншік құқығын тіркеген кезден бастап бір жыл және одан да көп жыл болатын тұрғын үй-жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, өзіндік қосалқы шаруашылық объектілерін жарғылық капиталға салған кезде берілген мүліктің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
8. Осы Кодекске сәйкес тіркелген активтер бойынша шегерімдерді айқындай алмайтын салық төлеуші осы баптың 7-тармағында көрсетілмеген мүлікті жарғылық капиталға салған кезде жарғылық капиталға енгізілген мүліктің сатып алыну, өндірілу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
Жарғылық капиталға салынған мүліктің сатып алыну, өндірілу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны болмаған кезде осы мүлікке меншік құқығы туындаған кездегі мүліктің нарықтық құны салымның құны болып табылады. Бағалаушы мен салық төлеуші арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.
Салық төлеуші мүліктің нарықтық құнын корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.
9. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтерді өткізген кезде құн өсімі өткізу құны мөлшерінде айқындалады.
10. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген осы активтердің құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.
88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс
1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;
2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
2. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес есептен шығару кезінде төленуге жататын міндеттемелердің сомасына тең болады.
3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.
89-бап. Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыс
Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің есебіне жазылған табыстар мен осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған күнінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады.
Көрсетілген міндеттемелер олардың туындауы күніне қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасына барабар түрде қалпына келтірілуге жататын қосылған құн салығын қоспағанда, осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасы шегінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:
1) борышкер талапты орындау сомасына барабар мөлшерде орындаған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негізінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерін азайтқан кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомасы танылады.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңнын 13 бабына сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын
2. Мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша борышкер заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған;
2) борышкер жеке тұлға күшіне енген сот шешімінің негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған;
3) банк немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, банкке немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы банк немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңнын 23 бабына сәйкес 90-бабы 3-тармағының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын
3. Құрылған сақтандыру резервтерінің осы Кодексте белгіленген мөлшерде және тәртіппен бұрын шегерімге жатқызылған мөлшерлерін азайту сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру резервтерінің мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс
Мыналар:
1) талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға беретін салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс болып табылады.
92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс
Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс
Егер осы Кодекстің 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететін табыстардың мөлшері салық кезеңінің басында салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескерілген жеке топтың мөлшерінен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшері салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс
1. Егер кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
2. Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі жұмыстарды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде жүргізбесе, онда есепті кезең ішінде шегерімге жатқызылған, кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасы ол жүргізілуге тиіс болған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар
1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрінде алынған табыстарға:
1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген, күмәнді деп танылған талаптар сомасы;
2) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңінің табысы болып табылады.
2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының қолданылуы аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.
Салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады.
Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.
97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс
1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.
2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін:
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;
3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;
4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.
3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.
98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
1) тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры астық қабылдау кәсіпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы алып тасталуға жатады.
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы салық кезеңінде қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық төлеуші тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне ауысуды салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді.
100-бап. Шегерімдер
1. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
3. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.
Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.
4. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген нормалар шегінде шегерімге жатады.
5. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезінде бір-ақ рет шегеріледі.
6. Егер осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, таңылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.
7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.
8. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 116-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.
10. Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады.
11. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.