14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;
15) тазартылған қымбат бағалы металдармен олардың орнын ауыстырмай жасалатын операциялар;
16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру жатады.
3. Бағалы қағаздармен, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерімен операцияларды жүзеге асырған кезде өткізу бойынша айналым бағалы қағаздарды, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады. Құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабында көзделеген тәртіппен айқындалады.
251-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру
Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиісті сыйақы сомасы бөлігінде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптарға сай келсе;
2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алса, қосылған құн салығынан босатылады.
252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер
Осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар, егер олар:
1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетулермен;
2) діни ұйымдардың жоралар мен рәсімдерді жүзеге асыруына, діни керек-жарақтарын өткізуіне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі;
2) мәдени ұйымдар - театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа);
3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру, қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;
4) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
5) кітапхана қызметін көрсету жөніндегі;
6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет
саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Медициналық және ветеринариялық қызмет көрсетумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар:
1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;
2) протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде субстанция-дәрілерді, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткізген;
3) косметологиялық, санаториялық-курорттық қызмет көрсетулерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;
4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;
5) шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;
10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ
256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
2) шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжатты ұсынған болса;
3) тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
4) осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған болса;
5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
1) осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша өнім берушілерге төлеуге жататын;
2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;
3) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімінің құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделіп, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетілген;
7) темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін жол жүру билетінде бөлек жазып көрсетілген;
отырғызу талонының болуы;
электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда авиация көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек жазып көрсетілген;
9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргізілетін коммуналдық қызмет көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген;
10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиісті тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тізімдемесінде көрсетілген салық сомасы;
11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Мұндай құжатта:
өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша «ҚҚС-сыз» деген белгі көрсетіледі;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, босатылған айналым мақсатында бұрын сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
4. Егер шот-фактураны жазу осы Кодекстің 263-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
5. Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.
257-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы
1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
2) қонақ үй ретінде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;
3) негізгі құралдар ретінде сатып алынатын жеңіл автомобильдерді;
4) тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алумен байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды.
2. Мүлікті (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өтеусіз негізде алған кезде, осындай мүлікті алған тұлға осындай мүлікті өтеусіз берген тұлғаның төлеуге тиісті қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
258-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының
сомасын түзету
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты осы Кодекстің 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) осы Кодекстің 263-бабында белгіленген ережелер сақталмаған жағдайда;
5) сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын болып танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
6) сот жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәміле деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша;
7) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
8) осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерінің) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлінуін білдіреді.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңінде жүргізіледі.
4. Осы тармақта белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы осы күні тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күні қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай олардың баланстық құнына келетін сомаға барабар активтерді сатып алу күні қолданыстағы ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлігінде есепке жатқызылудан алып тасталады.
5. Осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.
259-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді
міндеттемелер бойынша есепке жатқызылған
қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің ережелеріне сәйкес күмәнді болып танылса, осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.
2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейін қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңіндегі есепке жатқызылуда қалпына келтірілуге жатады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді есептен шығару кезінде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
4. Қосылған құн салығын төлеуші-өнім беруші банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушіні-өнім берушіні Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.
260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша
айналымдар болған кезде қосылған құн салығын
есепке жатқызу тәртібі
1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша өнім берушіге төленуге тиіс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісімен есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдісі күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмеуге тиіс.
3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.
Барабарлық әдіс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.
1. Бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезінде, қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшін алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізеді.
2. Есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттік ұйымдардың кепілдегі мүлікті (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
3. Қаржы лизингіне мүлікті берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын лизинг берушінің мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады.
263-бап. Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушілер үшін міндетті құжат шот-фактура болып табылады.
2. Қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта өзгеше белгіленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға шот-фактураны ресімдеуге міндетті.
3. Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактурада:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша - қосылған құн салығының сомасын;
2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.
4. Егер өнім беруші осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа да құжат «ҚҚС-сыз» белгісімен жазылады.
5. Осы Кодекстің 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:
1) шот-фактураның цифрлық мәні бар реттік нөмірі;
2) шот-фактураның толтырылған күні;
3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы, сондай-ақ осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;
4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірі;
5) өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
6) өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;
7) салық салынатын айналымның мөлшері;
8) қосылған құн салығының ставкасы;
9) қосылған құн салығының сомасы;
10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс.
6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі.
Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде оны ұсынушының:
комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде - «комитент»;
комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде - «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, шот-фактура жазылады.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі бес күннен кешіктірілмей жазылады.
Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ өткізуді, байланыс қызмет көрсетулерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер осындай өткізу кезінде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорт режимінде шығарылған жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады.
8. Шот-фактураға ұсынушының басшысы мен бас бухгалтерінің не оған уәкілетті қызметкердің қолдарымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылады.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
Егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиіс.