1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
4) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
6) ірі салық төлеушілерге мониторингі жасау;
8) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
9) акцизделетін тауарларға бақылау;
10) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
11) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуімен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиісті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;
2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;
4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;
5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;
6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;
7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:
сәйкестендіру нөмірі;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;
қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;
салық төлеушінің резиденттігі туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.
3. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
1) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сауал салу бойынша, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;
2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;
3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.
Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;
7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде береді.
4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары салық құпиясын жария етпеуге тиіс.
5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.
6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
1. Салықтық зерттеу - тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің нақты бар болуын немесе жоқтығын растау үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін тапсыру үшін салық қызметі органдарының жүзеге асыратын іс-шарасы.
Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін.
2. Салықтық зерттеу жұмыс уақытында салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған салық қызметі органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
салық қызметі органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.
4. Салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмау фактісі анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық қызметі органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.
5. Осы баптың 4-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:
1) салықтық тексеру актісін тапсыру мақсатында;
2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша қолданылмайды.
6. Салық қызметі органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық қызметі органына келу тәртібімен салық заңдарын орындамаудың себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.
Аталған талап орындалмаған жағдайда немесе салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша, салық төлеушінің орналасқан жерінде жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы осы Кодексте белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.
1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:
1) салық қызметі органы лауазымды адамының салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді, мүлік тізімдемесінің актісін, салық тексеруін жүргізу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актісін және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;
3) нұсқаманың негізінде жүргізілетін, салық салу объектісі және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеу;
4) нұсқаманың негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргізу;
5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды адамы мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеуші (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.
5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.
6. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:
1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
2) салық қызметі органының атауы;
3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;
4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;
5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;
6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;
7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.
7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.
8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.
9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.
81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ
560-бап. Жалпы ережелер
Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.
Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы - салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде;
қосылған құн салығы бойынша;
электрондық салық төлеуші ретінде;
қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;
салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.
4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:
1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді;
2) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;
3) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.
5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың
3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.
6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері - азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;
2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері - салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тұрғылықты немесе қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;
3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері - құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;
4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері - салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;
5) резидент емес жеке тұлғаның болатын жері - резидент емес жеке тұлғаның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына резидент емес жеке тұлға мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.
§ 1. Салық төлеуші ретінде тіркеу
561-бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің
мемлекеттік деректер базасына енгізу
1. Салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.
2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мыналар туралы:
1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;
2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - орналасқан жері бойынша;
3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;
4) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес - осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша;
5) Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес - жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша;
6) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігі - дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктің орналасқан жері бойынша;
7) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес - тәуелді агенттің тіркеу орны бойынша;
8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер - резидент банктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.
3. Салық қызметі органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік орган салық қызметі органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейін береді. Он алты жасқа толмаған тұлғаларда салық міндеттемесі туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер салық қызметі органдарына салық органының сұрау салуы бойынша беріледі.
562-бап. Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу ерекшелігі
1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
2. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес мүлік сатып алғанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
1) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
2) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
3. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент, мұндай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 191-бабы 13-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша салық органына мынадай:
1) резидент еместің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың), бар болған жағдайда;
2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;
4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын), резидент еместе бар болған жағдайда, көрсете, резидент еместі ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
4. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай резидент емес банк орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді.
5. Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 191-бабының 13-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) ондай нөмір бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін немесе (оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын;
3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжатттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
6. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент емес энергетиканы және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы туралы мәліметтері негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
7. Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
8. Осы баптың 1 - 7-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарлама жібереді.
9. Осы баптың 1 - 7-тармақтарында көрсетілген резидент еместерге сәйкестендіру нөмірін бергені туралы электрондық хабарламаны әділет органдары салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.