2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
412, 413, 414, 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
412-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да
лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 8921707 мың теңге (сегіз миллиард тоғыз жүз жиырма бір миллион жеті жүз жеті мың теңге).