«Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысы (2024.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысы

(2024.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің», «АІЖК» деген сөздер «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды, «159» деген цифрлар «156» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша:

«талапты», «талапкердің», «талапкер», «Талапкер», «талапкерден» деген сөздер тиісінше «талап қоюшының», «талап қоюшы», «Талап қоюшы», «талап қоюшыдан», «талап қоюды» деген сөздермен ауыстырылды, «талап арызды», «талап арыз» деген сөздер тиісінше «талап қоюды» «талап қою» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдауды реттейтін заңнамалық актілерді сот практикасында біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Азаматтық сот ісін жүргізудегі қамтамасыз ету шаралары деп Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауапкердің (борышкердің) сот актіcін мәжбүрлеп орындатуды қиындататын немесе мүмкін етпейтін ықтимал әрекеттерінің жолын кесетін процестік шараларды түсіну керек.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.