Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 634 бұйрығы
(2010.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай салықтық өтініштер нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құжаттық тексеру жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметтi тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдануға;